422
423
Сыртын көрме, сен, ай, Елік, кісінің,
Ісін қара, сырын аңда ішінің.
5110
Тысы сонша көркем қауын болады,
Хош иісті, көздің жауын алады.
Ол қауынның ішінде дəм болмаса,
Тысқа тастар, ұстамас та қолға аса!
Жаны ояудың сөзін есті, мəн бере:
«Безе ішіңді, сырт бойыңды сəндеме!
Мəні ішінде күллі заттың жағалай,
Іш болмаса, қалар тысы жарамай!»
Еліктің Одғұрмышқа жауабы
Жауап беріп, айтты Елік: — Жан таза,
Ішің-сыртың бірдей түзу, тап-таза!
5115 Бұл дүниеден безіп, жүктен арылдың,
Мен ілініп, ауыр жүктен арыдым.
Бұл дүние ісі қылды пұшайман,
Хаққа ибадат ету қайда, жоқ айлам.
Маған ақыл-кеңесің бер, тұтайын,
Тазарайын шын сөзіңнен құтайып.
Одғұрмыштың Елікке жауабы
Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Ей, бегім,
Жақсылыққа жақсылықты теңдегін.
Ең қоры — мен, хақ құлдары ішінде,
Білімі дария, білме өңгені, түсін де.
5120 Менен жаман тəңір құлын іздесең —
Тағы өзіммін, егер, Елік, білмесең.
Сөздерімнен қандай пайда келеді,
Өсиетім қандай демеу береді?
Жəне иемнен үмітімді кеспегем,
Кешер ием — сол, күнəмді істеген.
Жазықты құл не дегенін тыңдағын,
Жазығын біліп, тілмен құзыр қылғанын:
«Күнəһар, надан құлыңмын мен жазықты,
Бақсаң, мені күнə буып қалыпты!
5125
Сенен өзге ием де жоқ табынар,
Күнəмді кеш, баста құтқа, жалынам!»
Достарыңызбен бөлісу: