Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Сұрады Елік: — Халың қалай? Қабағың
Сынық неге, ай, сабырлы саналым!?
Нені бүгін ауыр алдың діліңе,
Көрдім қайғы нышаны енген түріңе.
Қызыл жүзің неден солып, түйілді!?
Дүние саған неге мұнша шүйілді!
6230 Құтың жүзін беріп, бағың тасып тұр,
Жалған жаһан саған нұрын шашып тұр.
Уақыт саған бұрар дəйім шырайын,
Тілекшің боп туар енді Күн-Айың!
Түймедім мен саған көзім-қасымды*,
Жылы жүзбен сүйіндім, біл, расымды.
Халың қандай? Тынышыңды алған кім?
Айтқын, сені қайғы-мұңға салған кім?
Бұл қайғыңның мəнісі не, ей, ұлым,
Айтшы маған, алайын мен ұғынып!?
6235 Саған төнсе бейнет, қайғы-күйініш,
Қайдан болсын менде рахат, сүйініш!
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Түсіндірді Өгдүлміш өз мəн-жайын,
Ағасының дертін, халін, жағдайын.
Айтып берді қалай барып-қайтқанын,
Не көргенін, ағасы не айтқанын.
Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Көңілі босап, Елік жасы төгіліп:
—
Аһ, дариға, — деді, — ізгі адам еді бір!
Бағыштасын Алла оның əз жанын,
Суытпасын, аздырмасын тəн, қанын!
6240 Қалай қиып қалдырдың!? — деп сұрады,
Халы қалай? Дəтің қалай шыдады!
Қандай халде жатыр жалғыз дерт меңдеп,
Кім күтеді? Кім қарайды дертті емдеп.
Өзің қалып, неге сабыр етпедің?
Көріп тұрып, кімге сеніп кеткенің?
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Осы сөзді жария,
Сөйлеп едім, ай, білімі дария!
Тілімді алмай, деді үйіңе жет, кері,
Сөз қайырып көрдім, күшім жетпеді!
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
6245 Елік айтты: — Тəңір өзі қолдасын!
Шипа беріп, тұрғызсын да, оңдасын!
Ол Аллаға жан-тəнімен берілген,
Оу, ұл, бір хақ жафа қылмас тегіннен.
Егер де құл барлығынан түңілсе,
Жаратқанға жалбарынып, жүгінсе.
Шүбəсіз, хақ оны сақтап қолдайды,
Жақсы ат беріп, тілектерін оңдайды.
Мұны мегзер сөзді тыңдап көрерсің,
Ойға түйіп, істе көңіл бөлерсің:
6250 «Бəрінен без, бір хұдаға жалын да,
Көңіл, қылық, тілді пəк тұт, арыл да!
Алла берер саған барша тілекті,
Сайтанды қу, беріп хаққа жүректі!»
Бекін! — деді, — Өгдүлміш, ес жина да,
Қайғы-мұңмен жүрегіңді қинама!
Жақсы кісі ол, жақсылықты таратқан,
Егер өлсе, қолдар өзі жаратқан!
Ай, бек, бұл күй келер енді бізге де,
Не өмір болмақ! Бұйырады бізге не?
6255 Өтті текке жас, жігіттік күніміз,
Бір оңбады ақылымыз, діліміз.
Кешкен тірлік көрген түстей болып тұр,
Қалай өтті? Айту қиын соғып тұр.
Қалған күнді енді зая қылмасақ,
Құмарлыққа текке көңіл бұрмасақ!
494
495
Алады ақыр, ажал айыл жимайды,
Өлім келсе, мың өкініш қинайды!
Бүгіннен сен сырттан бағып бəрін де,
Халық күйін көр, сүйініп, қадірле!
6260 Құтқар мені, өзіңді де азаптан,
Адал жолын берер, бəлкім, жаратқан!»
Не дейді есті, сөзін адал кісінің,
Хақтың күллі құлын сүйген түсініп:
«Кім жақсылық етсе, қайтар қарымы,
Тəңір көзін ашып, шығар қарығы!
Кім зұлымдық етсе — өзін буады,
Зұлымдықтан тек зұлымдық туады!
Қалағаның жамандық па, жасағын,
Ұлырсың тек, өзің тартып азабын!»
Достарыңызбен бөлісу: |