294
295
—
Алла атымен жаздым үшбу хатымды,
Күллі дертке бұл ат дауа, асыл-ды!
3190
Шексіз құрмет, шүкіршілік мыңдаған,
Етемін мен ажалы жоқ Аллаға!
Бір жаратқан бар тірлікті жаратты,
Жан бітірді, ризығын таратты.
Құдіретті ол, беруші əділ, адал заң,
Күші жеткен күллі елге жаралған.
Жасыл-көкті, Күн мен Айды жаратты,
Түнді, күнді, ай-жылдарды санатты.
Айналдырып қойды күллі ғаламды,
Хақ үкімі тағдырмен тең қаланды.
3195 Жаратпастан — қазаны алға жүргізді,
Бойыңды бер, қаза барын білгізді.
(Не тілесе, дайын болды тілегі,
Не қаласа, сол боларын біледі.)
Қалағанын — қылды, істер — қаласа,
Айтса — болды, болар — айтса, қарасаң...
Ханнан сəлем жолдап, тетік*,
хат жаздым,
Саулық тілеп, көңілімді ақтардым.
Тəн саулықта, аман-есен бармысың,
Заман жүгін арттың қалай? Армысың!
Сенің құлық, біліміңді естідім,
Ешбірі тең келмес бүгін тұс-теңің.
3200 Алла саған жақсылық қып сеніпті,
Білім, ақыл, өнер, бақыт беріпті.
Сипатыңды естіп күнге теңедім,
Аңсап сені, дидарлассам деп едім.
Туысқаның* Өгдүлмішті жібердім,
Сөзімді ұғып жеткізгенін тілермін.
Туған-туыс жақыныңнан безіпсің,
Ұлыс, қала, елден кетіп, кезіпсің.
Жалғыз өзің иен тауды асыпсың,
Құлшылыққа, ибадатқа қашық тым.
(Сен безгенмен сұм дүние оңар ма?
Жалғыздықтан жарлы көңіл толар ма?!)
3205 Бауырларың неден көңіл қалдырды?
Бетті бұрып, басың неге қаңғырды?
Қорландың ба, мұң есіңді алды ма?
Өкпең бар ма? Айтсаң келіп алдыма.
Əділет пен саған
медет берейін,
Сүйініште жаса, тасып мерейің!
(Туғанынан туған қалай безеді,
Безгенімен, өртенбей ме өзегі?)
Туысқаннан туысқанға пайда бар,
Адам жаны пайдаменен жайланар.
Ағайынмен достарыңдай барысқын,
Достарыңмен ағайындай табысқын.
3210
Қайда болса,
жарастық пен жақындық,
Көзі сол іс пайданың, көр, асылдың.
(Жарастыққа көнсін патша көңілің,
Жарастықсыз құлар іргең сөгіліп!)
Шайыр сөзі: «— Адамға адам қарасса,
Береке ғой екі жақсы жарасса!
Жарасса, егер жер, су, күннің шапағы,
Мың-мың гүлдер күліп шешек атады.
Жарасса, егер ағайын мен достарың —
Қандастардың қалың жолын қосқаның!»
Егер тағат-құлшылыққа беттесең,
Шаһарда істе, дін жолынан кетпе сен!
3215
Ибадатшы қала, ұлыста толып жүр,
Құр тентіреп, дала безген — тозып жүр.
Құлшылыққа — білік біліп, үйрен бек,
Білімсіз іс — берекесіз бір бейнет.