«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА БҰЛ ДҮНИЕМЕН БІРГЕ



Pdf көрінісі
бет89/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

43. ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА БҰЛ ДҮНИЕМЕН БІРГЕ
О ДҮНИЕ ҚАМЫН ОЙЛАМАҚТЫ АЙТАДЫ
Айтты Өгдүлміш: — Ай, құтты ер, сөзіңді,
Айттың, естіп мен жеткіздім көзімді.
Бұл сөзімді ұғып алғын белгілеп,
Ақылға һəм білімге де үлгі деп:
Білсең дүние халі сондай екенін,
Тірлік жолын ащы қылып нетесің!?
Кең дүниені күшпен тар қып алмағын,
Күнəһар құлға пейілі бар Алланың.
3650 Азабы көп болса, көп қой рахымы,
Күнəһарға кешірім — əзіз, асылы.
Азаптан қорық, үмітпен күт рахымын,
Ибадатпен жөнін біл құл атының.
Əлем халқы тастап елді, шаһарды,
Жүгін артып, кезсе тауды, жаһанды.


 326
327
Жаһан азып, құрыр қала, даласы,
Ұрпағы өшіп, тозар адам баласы.
Бар халыққа екі үйді жаратты,
Бірі — тамұқ, бірі — ұжмақ жəннатты.
3655 Бұл жалған деп, жастық көрмей құлағы,
Шуылдап ел, түнді күнге ұрады.
(Бұл дүние күллі елдің — сұрары,
Арпалысып түнді — күнге ұрады.)
Тозаққа еніп, құлшылықсыз қомағай,
Жұмақ-жəннат қаңырап бос қалмағай?!
Екіден көз, құлақ берген құлға хақ,
Қос жалғанды қатар бағып, тұр қарап.
(Қос қол берді, ұмтылса — еркін алсын деп,
Қос дүниені бірдей құшып қалсын деп.)
Екі-екіден аяқ берді жүрсін деп,
Бірі — мұнда, бірі анда тұрсын деп.
3660 Ғажап жақсы айтыпты бек білімді,
Аты əлемге кең тараған ілімді:
«Есің болса, осал болмай бағарсың,
Сақтан, күнə, кесіріне қаларсың!»
Жаратты хақ қатар екі жалғанды,
Мұны таптың, асық солай қарман да.
Жаратты хақ күллі адам ұланын,
Тəннен — тойып, бірде ашығып тұратын.
(Адам — пенде, ашынар да, басылар,
Тəні бірде тояр, бірде ашығар.)
Қарынға — ас, киім керек ілуге,
Інім, бұлар қажет өмір сүруге.
3665 Онсыз тірлік жоқ, қарағым — қанатым,
Құлқынды — ас, иықты тон жабатын!
Адал дүние, адал асың табылса,
Кедейге үлес, жұртпен бөліс барынша.
Ас — арқауың, онсыз күнің қараңғы,
Құлқын — ауыз билемесін адамды!
Қорқып тұрғай кəрінен бір Алланың,
Күтіп жүргей, содан — үміт, арманың.
Бұл екеуі — құлшылық жол, адаспа,
Жаңылма һəм жамандыққа жанаспа.
3670 Жақсы айтқан ой тез тарайды ғаламға,
Білікті сөз білім берер наданға:
«Үміт, хəуіп — осы екеуін қанат қыл,
Арасында тірлігіңді жəннат қыл.
Құлқыңды оңда, хақ жолынан жаңылма,
Сарайға ұшып кір, сүйініп дамылда!»
Үміт, хəуіп — сенер екі қанатың,
Екеуі, ұшсаң — көкке де жол табатын.
Күнəм көп деп үмітіңді үзбегін,
Ибадат қып, қызметіңді істегін.
3675 Құл тірлігін қызметке арнасын,
Аты құл ма, құлшылықтан танбасын.
Əзіз деп біл жаратқанның əмірін,
Құлшылықпен асар сенің қадірің.
Кедей, өзің өзіңді іспен демей біл,
Күнəға бай — құлшылыққа кедей кіл!..
Өзіңді өзің кісі сұмы деп сана,
Сөзің, өзің ізгі болар тек қана.
(Өзің кісі жаманымын деп білгін,
Жұртқа мейір, шуағыңды жеткізгін!)
* * *
Бағанадан білгенімді ақтардым,
Лайықтысын көкейіңе ап қалғын.
3680 Егер менің айтқанымды алмасаң,
Жауап қайыр, ерім, алам — арнасаң.
Сөздер ұзын болған сайын пайдасыз,
Тағы ұзарса, одан əрмен пайдасыз!


 328
329


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет