34
коммуникациялық технологиялардан когнитивтік-ақпараттық технологияларға
өту кезеңінің куәсі болып отырмыз.
Техногендік өркениет пен ақпараттық жаһандану жағдайындағы басты
сандық экожүйе – медиакеңістік. Медиакеңістік уақыт пен кеңістік шекаралары
жойылған, желілік, яғни үздіксіз ағындар кеңістігіне айналып отыр.
Планетарлы коммуникацияның бүгінгі алаңы әлеуметтік алшақтықтарды
жойып, бұқаралық онлайн қатысымға жол ашты.
К. Шваб: «Төртінші индустриялық революцияның бірегейлігі – даму
қарқыны мен кең құлаштығынан басқа, сан салалы, алуан түрлі ғылыми пәндер
мен жаңалықтарды үйлестіруі мен кіріктіруін үдете түсуінде», – дейді [65].
Сондай ғылыми пәннің бірі лингвоэкология қазіргі жаһандану үдерісіне сай
өркениеттердің тоғысуы, геосаяси, ұлтаралық, дінаралық, мәдениетаралық
диалогтардың медиакеңістікке ықпалының артуы, ақпараттық-технологиялық
медиакеңістік шекарасының кеңеюі, т.б. заманауи факторлардың әсерінен
қазақтілді медиакеңістікте жедел қарқынмен жүріп жатқан интеграциялық
үдерістердің лингвоэкологиялық тетіктерін іздестіреді. Бұл ретте қазақтілді
медиакеңістіктегі ақпараттар легінің тіл қолданушылардың санасына тигізетін
жағымды-жағымсыз әсерін зерттеу лингвоэкологияның басты міндетінің бірі
болып саналады.
Заманауи гуманитарлық ғылым саласында айтарлықтай қызығушылық
тудырып отырған бұқаралық коммуникацияны зерттеу еңбектерінде
«медиа»
лексемасы жеке вербалды-когнитивті бірлікке айналып, сөзжасамдық үдеріске
Достарыңызбен бөлісу: