Саяси-идеологиялық (ресурстық) көзқарас. Оның жақтаушылары
медианы түрлі саяси және идеологиялық мақсаттарды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін арнайы ресурс ретінде қарастырады. Тиісінше медиадағы
үдерістер адами қарым-қатынастар кеңістігінде арнайы ресурстарды алу, бөлу,
қайта бөлу үдерістері ретінде сипатталуы керек.
Коммуникативтік көзқарас. Бұл тұрғыдан медиа коммуникацияға
қатысушылар өзара алмасатын ақпаратты құру, қабылдау, түсіну үдерістерін
анықтайтын сызбалардың, конвенциялардың, фреймдердің, матрицалардың
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Медиалингвистикалық көзқарас. Бұл ракурста медиа медиалық
мәтіндердің, дискурстардың жиынтығы ретінде ұғынылады. Бұл көзқарасты
жақтаушылардың пәні – бұқаралық ақпарат мәтіндерін талдау әдістері,
медиадағы сөйлеу ерекшеліктерін, жеке және бұқаралық санаға әсер ету
мүмкіндіктерін зерттеу.
Аумақтық көзқарас. Медиа медиалық нарық немесе аймақтың (қаланың,
елдің) ақпараттық кеңістігі ретінде сипатталады.
Технологиялық көзқарас. Медиа «коммуникация» ұғымының синонимі
ретінде қабылданатын және бірыңғай ұстанымдар мен ортақ ережелердің
негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен
желілердің жиынтығы ретінде сипатталатын кең таралған көзқарас.
Қазіргі ғылымда зерттеулердің ерекше аймағы, парадигмасы ретінде
танылған пәнаралық медиалық зерттеулер жүргізіліп, медиа үдерістерді
зерттейтін философиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты дәстүрлі және
басқа да көзқарастар дамып келеді. Бұл зерттеулер тек филологиялық
мәселелерді емес (масс-медиада көрінетін тілдік өзгерістер), сонымен қатар
38
әлеуметтік-психологиялық
(масс-медианың
адам
өміріне
әсері),
әлеуметтанулық (журналистика маркетингі), әлеуметтік, философиялық,
мәдени, экономикалық, құқықтық, ақпараттық (бұқаралық ақпараттың
ерекшелігі, журналистиканың жаңа ортасы) және басқа да мәселелерді
қарастырады.
Алайда бұл парадигмалармен ғана шектелу медианың кейбір тұстарының
назардан тыс қалуына алып келді. Соның нәтижесінде медианы қандай да бір
«кеңістік» ретінде зерттейтін жаңа кеңістіктік көзқарас пайда болды. Бұл
көзқарасты ұстанған көптеген зерттеушілер «медиакеңістік» ұғымына
қызығушылық танытып отыр. Оның өзіндік бірнеше себептері бар:
Біріншіден,
медиакеңістік
–
ақпараттың
қозғалысы
мен
коммуникациялық байланыстардың ұлттық немесе басқа да шекаралармен
шектелмеуіне ықпал ететін жаһандану. Жаңа коммуникациялық жүйе кеңістік
пен уақытты түбегейлі өзгертіп жатыр. «Ақпараттық» дәуірде «аймақтық
жерлер өзінің мәдени, тарихи, географиялық мәнінен айырылып, желілерге
немесе образды коллаждарға қайта интеграцияланып, жер кеңістігін
алмастыратын ағындар кеңістігін өмірге әкелетін болады» дейді М. Кастельс
[72].
Екіншіден, «медиакеңістік» ұғымы бұқаралық коммуникация құралдары
концептісінен гөрі кеңістіктік аймақтарды ажыратуға, медиакоммуникацияның
қандай да бір топографиясын құрауға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, «медиакеңістік» концептісі оны барлық социумға тән
атрибуттарды көрсететін жеке дамушы жүйе ретінде қарастыру қажеттігін
көрсетеді.
Медиакеңістік мәнін кеңірек түсінуге мына тұжырымдар мүмкіндік
береді:
1. Медиакеңістіктің өзегі ретінде бұқаралық коммуникация құралдары
танылады (көп ретте БАҚ).
2. Бұқаралық коммуникация құралдары (яғни медиакеңістік) өз кезегінде
кеңістіктің басқа түрлерінің (әлеуметтік, мәдени, оқу, діни, т.б.) қалыптасуына
ықпал ететін белсенді күш болып саналады.
3. Медиакеңістіктегі
өзгерістер
қоғамдағы
трансформациялану
үдерістерімен тікелей байланысты, себебі медиакеңістік қоғам дамуының
жетекші үрдістерін көрсетеді, бұл оның дамуын орын алып жатқан қайта
түрлену контексінде зерттеуге мүмкіндік береді.
4. Медиакеңістік индивидтің сезім тәжірибесінен тыс жатқан әлем
бейнесін қалыптастырады: ол шындықты жай ғана көрсетіп қоймай, әлемді
түсінуді құрастырады.
5. Медиакеңістік – өзара байланысты және бүтіннің дамуының ортақ
заңдылықтарына бағынатын нақты құрылымдық элементтерге ие күрделі жүйе
[73]. Ю.М. Лотманның тұжырымы бойынша коммуникацияның кез келген
мақсаттарына қызмет ететін жүйе тіл ретінде анықтала алады [49, с. 33].
Медиакеңістік бос аймақ, тек коммуникация субъектілері мен
үдерістерінің орны ретінде қарастырылмауы керек. Себебі ол – тіке және кері
39
байланыс көмегімен өзінің шекарасындағы үдерістерге ықпал ететін және
жауап қайтаратын өзін-өзі ұйымдастырушы күрделі жүйе. Медиакеңістік:
1. Адамдар ақпарат алатын көздер мен осы көздер қалыптастыратын
мағыналық өрістердің жиынтығы.
2. Адамдар тобының бір жерде, бір уақытта болмауына қарамастан, бірге
жұмыс істей алатын электронды жағдайлары.
3. Тар мағынада байланыстар мен өзара қарым-қатынастардың, сондай-ақ
журналистика аясындағы агенттердің арасындағы байланыстың үзілуі мен
қарсы әрекеттерінің жиынтығы, ал кең мағынада таңбалардың, таңбалық
капиталдың өмір сүру формасы және оның айналу, өзгеру, алмасу аясы [74].
4. Бұқаралық ақпаратты өндірушілер мен қолданушылар арасындағы
қатынастың ашық жүйесі, барлық құрылымдық элементтері өзара байланысты
және бүтіннің дамуының жалпы заңдылықтарына бағынышты әлеуметтік жүйе.
5. «Тұлғалардың әлеуметтік таңдауы үшін қолайлы әрі қажетті рухани-
танымдық орта ұсынатын рухани-құндылықтық ақпараттың айтарлықтай
хаостық жүйесі», және (масс-медиа деңгейінде) «әлеуметтік реакциялардың
стереотиптелуінің қоғамдық санасын бұрмалайтын» виртуалды шындық [75].
Медиакеңістікті күрделі жүйе дедік. Ендеше оның өзара байланысқан
элементтері, құрылымы болатыны белгілі. «Құрылым» ұғымының аясында
жүйе элементтері арасындағы тұрақты байланыстар мен қатынастардың
жиынтығы ұғынылады. Құрылымға жүйенің жалпы ұйымдасуы, оның құрамдас
бөліктерінің кеңістіктік және уақыттық орналасуы, т.б. кіреді. Құрылымды
заңды, мәнді байланыстар мен қатынастар құрайды.
Медиакеңістіктің құрылымын түрлі бөліктерге бөліп қарауға мүмкіндік
беретін сан алуан көзқарастар бар. Француз зерттеушісі Ф. Баль медианы
әлеуетті немесе шынайы аудиторияны қамту, берілетін хабарламалардың
табиғаты мен түрі (жазбаша немесе аудиовизуалды, т.б.), өзінің құпия
мүмкіндіктері мен қабілеттері бойынша бөледі. Ғалым медианы ажыратуда
форма немесе «коммуникация модальдылығы» шартын қолданады. Осы
шартты қолдану оған медианың үш тобын анықтауға мүмкіндік береді:
автономды (қосымша жүйелердің қолдауын қажет етпейтін кітаптар, дискілер,
журналдар және т.б.), таратушылар (ауқымды немесе жергілікті – радио,
телевидение, спутниктік байланыс және т.б.), коммуникациялық (би- және
мультиполярлық коммуникация)» [76].
Ресейде бұл мәселе туралы ең алғаш БАҚ саласын зерттеуші профессор
Е.П. Прохоров іздене бастады. Ол БАҚ ішінде (ол кезде «медиакеңістік»
түсінігі болған жоқ) қандай да бір шартты шекараларды жүргізуді ұсынды.
«Ақпараттық алаң» ұғымының аясында БАҚ-тың нақты таралу аймағын
қабылдау керек. Ал «ақпараттық орта» – бұл нақты аудитория «енетін» (жеке
адам, отбасы, аймақтық, кәсіби немесе басқа топ) ақпарат көздерінің
жиынтығы. Сонда «ақпараттық кеңістікте» (қаланың, аймақтың, континенттің)
түрлі баспалар мен бағдарламалардың ақпараттық өрісі қызмет етеді. Бұдан
аудиторияның әр нақты қабаты өзінің «ақпараттық ортасын» қалыптастырып
алады, яғни нақты ақпарат көздерінен қажетті мәтінді таңдап алады [77].
40
Е.П. Прохоров идеяларына сүйене отырып, медиакеңістікті жеке ұлттық
медиакеңістіктерден құралған универсум ретінде қабылдау ұсынылады.
Оларды бөлу шарты ретінде медиакеңістіктегі үдерістерді реттейтін ұлттық
заңнама мен басқа институттардың ерекшелігі алынады. Бұл ұлттық
медиакеңістіктердің ішінде аймақтық, салалық, т.б. медиакеңістіктер
ажыратылады. Медиакеңістіктің құрылымын анықтауда типологиялық,
құрылымдық, кәсіби-этикалық, саяси көзқарастарды бөліп қарауға болады.
Медиакеңістік құрылымын типологиялық көзқарас бойынша жіктеуде
түрлі тұжырымдар, дискуссиялар орын алған. Осындай түрлі көзқарастарды
саралай келе, «Заманауи мерзімді басылым концепциясы» еңбегінің авторлары
мынадай типологиялық сипаттардың жиынтығын ұсынады [78] (5-кесте).
Кесте 5 – Медиакеңістік құрылымының типологиялық жіктелуі
Критерийлер
Типтері
Құрушы
Мемлекеттік
құрылымдармен,
партиялармен,
қоғамдық
қозғалыстармен,
коммерциялық
емес
құрылымдармен,
конфессионалды
бірлестіктермен,
редакциялық
ұжымдармен,
корпорациялармен, жеке адамдармен шығарылады
Аудиториясы
Әмбебап, түрлі аудиторияға арналған (жасы, жынысы, әлеуметтік
жағдайы, қызығушылығы, т.б. бойынша)
Мазмұны
Жалпы қызығушылық (қоғамдық-саяси), «іскерлік», арнайы (салалық)
Мәртебесі
Сапалы, бұқаралық, бульварлық
Мақсаты
Ғылыми танымал, танымал, анықтағыш-ақпараттық, жарнама-
ақпараттық, ойын-сауық
Ұстанымы
Біржақты, тәуелсіз
Мерзімділігі
Күнделікті, апталық, айына 2 рет, ай сайынғы, тоқсанына 1 рет, жарты
жылда 1 рет, жылына 1 рет
Таралу аймағы
Жалпыұлттық, аймақтық, жергілікті
Бағасы
Ақылы, тегін
Орындалу сапасы Элиталық, стандартты, төмен сапалы
Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [78, с. 25]
Алайда қазір медиакеңістіктің типологиялық құрылымы түбегейлі
өзгерістерге түсіп, оның құрылымындағы бұрынғы баспалар орындарын
өзгертіп, жаңа медиалар пайда болып жатыр. Нарықта бұрын-соңды мүмкін
болмаған «будан» ақпараттық өнімдер жасалып жатыр. Қазақстанда
медиакеңістіктің ауысу үдерісі аяқталып бітпегендіктен, қатаң шекаралы
типологияны жасау мүмкін болмай отыр.
Е.Н. Юдина медиакеңістіктің құрылымындағы келесі элементтерді бөліп
көрсетеді:
– бұқаралық ақпаратты өндірудің және таратудың материалдық,
физикалық негізін құрайтын масс-медиа;
– бұқаралық ақпаратты өндірумен және қолданумен байланысты
медиакеңістік агенттерінің әлеуметтік арақатынасы;
– бұқаралық ақпарат таратылатын ақпараттық символикалық өнім
формасы [75, с. 20-21].
41
Бұл
элементтер
арасындағы
байланысты
сөз
ететін
болсақ,
Е.Н. Юдинаның пікірінше, қазіргі медиакеңістік желілік ұстаным бойынша
ұйымдастырылған жүйе болып саналады. Бұл оның бейімділігін арттырып,
нарықтың сұранысына жауап беруіне мүмкіндік береді. Медиакеңістікті бір
желіге ұйымдастыру Интернеттің арқасында мүмкін болып отыр. Интернет
ондағы контенттердің көзқарасы тұрғысынан медиакеңістіктің тұтас
репрезентациясы болып табылады. Медиакеңістік қазіргі уақытта ақпарат
тұтынушыларының сұранысына жауап бере алатын айтарлықтай күрделі
композияцияны құрайды. Әлеуметтік жүйе болғандықтан, оның барлық
құрылымдық элементтері: радиокеңістік, баспа кеңістігі, Интернет және т.т.
бүтіннің дамуының ортақ заңдылықтарына бағынады. Кеңістіктің элементтері
әсер ету деңгейі мен бұқаралығына байланысты ажыратылады, алайда олардың
барлығы өзара байланысты және жүйенің бір элементіндегі өзгеріс сөзсіз
басқаларына да әсер етеді [75, с. 22].
Сонымен медиакеңістіктің негізін бұқаралық ақпарат және оны өндіру
мен таратудың құралдары құрайды. Ал бұқаралық ақпаратты өндіретін және
тұтынатын, сондай-ақ медиакеңістіктегі үдерістерді реттейтін субъектілер
медиакеңістікпен өзара әрекеттестікте болады. Бірақ, біздің ойымызша, олар
медиакеңістіктің элементіне жатпайды (1-сурет).
Сурет 1 – Медиакеңістік элементтері мен субъектілерінің өзара қарым-қатынас
сызбасы
Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [78, с. 47]
Медиакеңістіктің негізгі құрылымдық өрісі 2-суретте берілді. Егер
өлшем-шарт ретінде жеке меншік иесін алатын болсақ, онда мемлекеттік
медиакеңістік, бизнестің коммерциялық медиакеңістігі және коммерциялық
емес медиакеңістік (азаматтық медиакеңістік) деп бөліп қарауға болады.
Қолданылатын
технологиялар
тарапынан
дәстүрлі,
жаңа
және
РЕТТЕУШІЛЕР
БАСҚАРУ
Медиақа-
уымдастық
(контент
өндіруші)
ӨНДІРУ
Бұқаралық
ақпарат
Бұқаралық
ақпараттың
таралу
арналары
ҚОЛДАНУ
Контентті
қолдану-
шылар
42
интеграцияланған
медианы
ажыратамыз.
Ал
аумағы
тұрғысынан
республикалық, аймақтық, жергілікті медиакеңістік болып бөлінеді (2-сурет).
Сурет 2 – Ұлттық медиакеңістіктің құрылымдық сызбасы
Ескерту – Автормен құрылған
Медиалық технологиялар күн өткен сайын әрбір адамның күнделікті
өмірінде үлкен орын алып, бұрын тек тікелей тұлғааралық коммуникация
деңгейінде ғана мүмкін болған мәдени тәжірибені енгізуде. Интернет кез келген
жеке пікірдің әлеуетті ашық болу мүмкіндігін жасауда. Бұл ретте «масс-медиа»
туралы түсініктер өз күшін жойып, барлық медиалық ортаның «бұқаралыққа»
айналуына алып келді. Ал толықтай медиаланған әлемнің коммуникативтік
кодтары мен тілін зерттеу кешенді зерттеу әдістері мен тәсілдерін талап ететін
көпміндетті үдерісті қажет етеді.
Тілдің өміршеңдігі сол тілді қолданушылардың әлемінде өмір сүруімен
өлшенеді және сол тілді қоғам өмірімен байланыстырмай зерттеу тірі тілді өлі
тілге айналдыратыны анық [79]. Сондықтан қазіргі тілдің жай-күйін осы
уақыттың құбылыстарымен, қоғам тіршілігінің жалпы жағдайларымен
байланыстыра зерттеуіміз керек. Ал қазіргі қоғамның тыныс-тіршілігі
толығымен медиакеңістікте көрініс тауып отыр. Себебі бүгінгі қоғамның тілдік
ортасы – медиакеңістік. Ендеше қазіргі тілдің лингвоэкологиялық жай-күйін
қарастыру мәселесінде медиакеңістік тілін зерттеу міндеті талассыз алға
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |