«Көкшетауда жантүршігерлік оқиға болды. 87 және 78 жастағы ерлі-
зайыпты зейнеткерлерді өз пәтерінде айуандықпен өлтіріп кетті. Түн ішінде
терезеден түскен қаскөйлер қауқарсыз жандардың аяқ-қолын кесіп қинап,
малша бауыздап тастапты. Есігі ішінен құлыптаулы болғандықтан, қанды
оқиға тек екінші күні – қызы келгенде белгілі болды. Әзірге қанды қол
қарақшылар ұсталған жоқ» [96]. Бұл мәтін бірнеше негативті әрекеттердің
берілуіне, сондай-ақ автордың оқиғаға қатысты эмоциясын білдіретін теріс
бағалауыштық лексиканың жиілігіне (шамадан тыс көптігіне) байланысты
экологиялық емес мәтін болып саналады. Ондағы жантүршігерлік оқиға,
айуандықпен өлтіріп кетті, аяқ-қолын кесіп қинап, малша бауыздаған, қанды
оқиға, қанды қол қарақшылар сынды тіркестер негативті хабардың эмоциясын
одан әрі күшейтеді.
А.Р. Леонтьевтің: «Слишком сильные эмоции не зависимо от их
валентности, являются стрессорами – утомляют организм и вводят его в
состояни стресса. При продолжительном воздействии это приводит к
различным проблемам, в том числе и физиологическим» [97], – деген пікірі
үнемі қайталанатын эмоциялық әсері күшті мұндай хабарлардың адам үшін өте
қауіпті екенін аңғартады.
Кісі өліміне қатысты кез келген жаңалықты оқып қарасақ, оқырман мен
тыңдаушының жанын түршіктіретін осындай сөздерді кездестіреміз. Оны
жаңалықтар мәтініндегі талап өлтірді, қағып өлтірді, атып өлтірді, ұрып
өлтірді, зорлап өлтірді, азаптап өлтірді, бауыздап өлтірді, басын кесіп алған,
ішек-қарнын ақтарған, асылып өлді, уланып өлді, өртеніп өлді секілді
тіркестерден көруге болады.
Мұндай жаман хабарларды қазақ халқы «мал құлағы – саңырау» деп,
адам тұрмақ малдың өзіне естіртуге тыйым салған. Бұдан бөлек қаралы
55
хабарды туралап айтпай, тұспалдап айту арқылы кісі көңілін ардақтауға
негізделген естірту дәстүрін ұстанған. Жаманатты төтесінен айтпайтын бұл
үрдісте үлкен мән мен мәдени әдеп жатыр. Ал қазіргі БАҚ адамның менталды
және психикалық денсаулығына зиянды негативті құбылыстарды, керісінше,
әсірелеп, айшықтап жеткізеді.
Жоғарыда келтірілген лингвоэкологиялық мониторинг нәтижесінде
жинақталған жаңалықтарға мазмұндық талдау жасай отырып, негативті
білдіретін тілдік бірліктердің лексика-семантикалық топтарын құрдық.
Лексика-семантикалық талдау негативті білдіретін етістіктердің 6 негізгі
тобын анықтауға мүмкіндік берді:
1) нысанға физикалық әсер етуді білдіретін етістіктер: «ұру», «соғу»,
«тас-талқанын шығару», «төбелесу», «аямау», «соққыға жығу», «өртке
орану», «күл-талқанын шығару», «тып-типыл ету», «жаралау», «пышақ сұғып
алу», «жарақаттау», «жағадан алу», «жәбірлеу», «шабуыл жасау»,
«бомбалау», «өртеу», «бүлдіру», «соққы беру», «жапа шегу», «жаншылу»,
«азаптау», «қинау», «оқ жаудыру», «атқылау», «жермен-жексен ету», «улау»,
«қирау», «дымы қалмау», «түйісу», «опырылып құлау», «түгін қалдырмау»,
«тойтарыс беру», «құлап кету», «күйік шалу», «миы шайқалу», «қансырау»,
«өлімші етіп ұру», «хал үстінде жату», «қирату», «қар құрсауында қалу»,
«топырақ басып қалу», «тұтану», «шарпу», «жарып жіберу», «қоршауда
қалу»;
2) адам өмірінің қиылуын білдіретін етістіктер: «өлтіру», «опат қылу»,
«өмірін қию», «өмірін жалмау», «жоқ қылу», «жанын қию», «көзін құрту»,
«қыру», «жою», «басын кесіп алу», «ішек-қарнын ақтару», «бауыздап өлтіру»,
«өмірін жалмау», «опат болу», «тіл тартпай кету», «өз-өзіне қол жұмсау»,
«демі үзілу», «ажал құшу», «мерт болу», «көз жұму», «жан тапсыру», «суға
бату», «қыршынынан қиылу», «сау тамтығы қалмау», «түгі қалмау», «көз
Достарыңызбен бөлісу: |