124
ә) кеміту, тіл тигізу:
«Сен алаяқсың», «Өте дөрекі екенсің»;
в) айыптау:
«Сен адамдарды қорлағанды ұнатасың»; «Сен үнемі бізді
басқарғың келеді»;
г) бұйыру, билеу:
«Күлуді тоқтат»; «Көп сөйлеме»;
д) сарказм:
«Сен әрдайым бәріне оптимистік көзқараспен қарайсың,
солай емес пе?» (қарама-қарсы мағынаны меңзей отырып).
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыра отырып, коммуникацияға
түскенде осындай ұстанымдарды естен шығармау адамдар арасындағы
түсініспеушілік, араздық, алауыздық, т.б. секілді жағымсыз қарым-
қатынастарды
жоюға
септігін
тигізеді.
Себебі
медиакеңістіктің
лингвоэкологиясын зерттеу нәтижесі қазіргі технократтық қоғам өкілдерінің
бір-бірінің көңіл күйі мен сезімдеріне алаңдаушылық білдірмейтінін көрсетті.
Бұл жөнінде Б.Г. Мещерякова мен В.П. Зинченко былай дейді:
«Технократическое мышление – это мировоззрение, существенными чертами
которого являются примат средства над целью, цели над смыслом и
общечеловеческими интересами, смысла над бытием и реальностями
современного мира, техники (в том числе и психотехники) над человеком и его
ценностями. Технократическое мышление – это Рассудок, которому чужды
Разум и Мудрость. Для технократического мышления не существует категории
нравственности, совести, человеческого переживания, достоинства» [213].
Сондықтан оқыту барысында «Қошеметтер бұрқасыны», «Қар көшкіні»,
«Бұл кім?» т.б. секілді әдістерді тиімді қолдануға болады. Мәселен,
«Қошеметттер бұрқасынында» білім алушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5
минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келетін
қошеметті жазады. Қошеметтердің толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс.
Жазып болған соң студенттер бұл парақтарды домалақтап, қармен лақтырып
ойнағандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім білім
алушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.
Қошеметтерді барлық студенттердің кезектесіп оқуына да болады. Бұл әдіс
білім алушылардың «Айтылым-мен» моделіндегі қажеттіліктерін түсінуіне
және бір-біріне жақсы сөздер айтуына ықпал етеді.
Осылайша 3 кезеңдік технология негізінде эмотивтік құзыреттілікті
қалыптастыруға болады. Оны игерген білім алушылар жалпы коммуникативтік
және
кәсіби-коммуникативтік
сипаттағы
білімдердің,
дағдылар
мен
қабілеттердің жиынтығын меңгеріп, эмотивті мәтіндерді тиісінше қабылдап,
түсіну
қабілеттері
қалыптасады.
Тілдік
ортада
коммуникацияның
экологиялылығын қамтамасыз етіп, өздерінің де, өзгелердің сөздеріндегі
эмоционалдық тепе-теңдікті сақтай алады. Технологияның тиімділігі зерттеу
аясында жүргізілген эксперимент нәтижелерімен тексерілді.
Достарыңызбен бөлісу: