119
– бейнероликтерді дыбыссыз қарап шығыңыз. Кейіпкерлердің сезімдерін
сөзбен
сипаттаңыз.
Соңынан
бейнероликтерді
дыбысымен
қарап,
жазғаныңызды түпнұсқамен салыстырыңыз.
Эмотивтік құзыреттіліктің маңызды көрсеткіштерінің
біріне адамның
өзінің және өзгенің эмоциялары мен сезімдерін анықтай алуы мен сипаттай алу
дағдылары жатады.
Бұл дағдыларды дамыту өзін-өзі бақылауға байланысты бірқатар
әрекеттерді қамтиды:
– белгілі бір эмоционалды жағдайдың көрсеткіші ретінде организмдегі
физиологиялық өзгерістерге назар аудару;
– вербалды емес мінез-құлықты байқау және
экспрессивті реакцияларды
белгілі бір эмоциямен сәйкестендіру;
– белгілі бір эмоцияны сезіну кезінде пайда болатын ойларға және басқа
адамдармен сөйлесу сипатына назар аудару.
Сондықтан осы кезеңде білім алушыларға өзіндік жұмыс ретінде
төмендегідей жаттығу түрлерін ұсынуға болады.
Өзінің және басқалардың эмоционалды күйін түсіну қабілетін дамыту
үшін ұсынылатын жаттығу үлгісі:
Қорқу, ашулану, қайғыру, қуану сияқты эмоцияларды зерттеп көріңіз.
Әрбір эмоцияға қатысты келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Осы эмоцияны бастан кешірген уақытты есіңізге түсіріңіз.
2. Осы сезімнің салыстырмалы күшін (қарқындылығын) 1 (әлсіз) мен 5
(өте күшті) аралығында анықтаңыз.
3. Осы эмоцияны бастан өткергенде қандай
сезімде болғаныңызды және
қалай көрінгеніңізді (сыртқы түріңіз) сипаттаңыз.
4. Осы эмоцияны қалай басқаруға тырысқаныңызды сипаттаңыз.
5. Айналаңыздағы адамдар сізге қалай қарағанын сипаттаңыз.
6. Сізбен сөйлескен қандай да бір адамның осы сезімді бастан кешірген
уақытын есіңізге түсіріңіз.
7. Бұл адамның сыртқы түрі мен не сезінгенін өзіңіздің қалай
қабылдағаныңызды сипаттаңыз.
8. Оның осы эмоцияны қалай басқаруға тырысқанын сипаттаңыз.
9. Оның сол кездегі іс-әрекетіне
қатысты туған реакцияңызды
сипаттаңыз.
III кезең – эмоцияларды білдіру. Осы кезеңдегі эмоционалды концепттің
лексикалық және фразеологиялық қорын оқытуда
басты назар эмотивтерге
аударылуы керек. Бұл кезең білім алушылардың эмоциялардың түрлі
қызметтерін жүзеге асыру мақсатында эмотивті бірліктерді кешенді қолдануын
қарастырады. Сондай-ақ білім алушылар мәтіндегі бейтарап бірліктермен
берілетін жасырын эмотивті сөздерді анықтай алуды меңгеруі керек.
Эмотивтермен танысу олардың эмотивті мәтіндерде көрінуін талап етеді.
Эмотивтерді семантикаландыруға арналған жаттығуларды мынадай үлгіде
ұсынуға болады: