Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

б) оқытудың қолдану деңгейін қамтитын сторителлинг эксперименті 
Сторителлинг – білім алушылардың эмотивті лексиканы өз 
мақсаттарында қолдануды жүзеге асыратын тиімді әдіс. Бұл әдіс, әсіресе, 
олардың эмоционалды сөйлеу әсерін тигізу қабілеттерін дамытуда ұтымды 
пайдаланылады.
Эксперимент үшін білім алушыларға медиакеңістіктен алынған 
сторителлингтің мысалы ұсынылды. Оның себебі – оқырмандардың бұл 
сторителлингке эмоционалдық реакциясын байқау мүмкіндігінің болуы.
Көк курткам 
Мен 5-класс оқимын. Ауқатты бір кісі өнеріңе деп сиыр сыйлады. Біздің 
жақта «Мирный» деген ауыл бар. Орыстары көп еді, кейін көбісі Германияға 
көшіп кетті. Тұрмыс-тіршіліктері жақсы ауыл болған. Содан мамам мен 
папам әлгі сиырды сойып, бөлшектеп, қаптарға салып, москвичпен Мирныйға 
сиырды сатуға кетті. Екі күн тұрып сатып, бәрін тауысып, түскен ақшадан 
бізге киім-кешек әкелді. Әлі есімде, ақпанның аяғы еді. Күн енді-енді жылынып, 
көктем шығып келе жатқан. Содан маған әдемі бір көк куртка әкеліпті. 
Капюшоны бар, артында екі торғайы бар. Қатты қуандым! Ылғи туысқан 
әпкелерімнен қалған киімдерді киюші едім. Сол 5-класста жаңа куртканы 
алғаш кигенім шығар. 
Сонымен ауданға концертке баратын болдым. Жаңа куртканы киюге 
асығып жүргем. Көкпеңбек қып жарқыратып киіп, ауданға бардым. 
Концерттен соң үйге қайтарда, сонау Мәденииет үйінен автостанцияға дейін 
жаяу келіп, ауылға баратын сары автобусымды күтіп, аялдаманың 
қабырғасына сүйеніп тұрғанмын. Бір кезде қолымды қарасам, қап-қара. Бірден 
курткамды ойладым, сөйтсем арты түгел қап-қара краска болып қалыпты. 
Тамағыма тас тығылып, булығып, қатты жыладым! Жап-жаңа куртка 
еді ғой. Өзім енді кигем. Мамамның етті салып алып, суық кезде базарға 
кеткеніне жүрегім ауырды... Әлі кластастарыма да көрсетіп үлгермедім ғой 


137 
ол курткамды. Қалай байқамай қалдым краска екенін?! Ебіл-дебіл болып сары 
автобусыма отырып ауылға қайттым. 
Үйге келіп, мамама: «Мынаны қара!» - дедім... Екеуміз куртканы 
бензинмен де, соляркамен де сүрттік. Сүртпеген нәрсеміз қалмады. Ақыры 
кетпеді. Дым көңіл-күйім жоқ, бір апта сабаққа бармай қойдым. Сөйтіп бір 
аптадан соң, құрсын енді, краска болса бола берсін деп, сол курткамды киіп 
кеттім сабаққа... Ол кездің оқушылары да жақсы еді ғой. Мазақтамайды. 
«Краска болып қалды ма? Ааа, ештеңе етпейді. Білініп тұрған жоқ», - деп 
жұбатып қояды. Негізі аямандай боп білініп тұр. Қазір куртка сатып алып, 
жаңа киім киген сайын сол баяғы артында екі торғайы бар көк курткам есіме 
түсе береді. Есімнен кетпейді... [217]. 
Әңгіменің оқырмандарға эмоционалдық әсерін мына комментарийлерден 
көруге болады: «Жаным ашып кетті», «Күлкіден өлдім», «Ой бір күліп алдым», 
«Тамаша! Әңгімелеріңіз жүрекке жылу сыйлайды», «Қандай жылы, әсерлі 
әңгіме!», «Күшті, сіздің осындай жазылған оқиғаларыңызды рахаттана 
оқимын. Адамды бір серпілтіп тастайсыз», «Шіркін, сол уақыт тәтті еді», 
«Керемет пост. Балалық шағыма саяхат жасап қайтқандай болдым», «Бір 
демалып оқыдым ғой, миым кәдімгідей тынығып», «Өте әсерлі оқиға, көзіме 
жас келді», «Елестетіп, кино көргендей жылағым келді ғой», «Ей заманай 
деңіз», «Әңгімеңіз қандай әсерлі еді», «Сізбен бірге көк куртка кигендей 
болдым», т.б. Яғни бұл сторителлинг адамдарда әртүрлі эмоциялар тудыра 
алды. 
Білім алушылар да бұл эксперимент барысында түрлі тақырыптарға 
әсерлі, қызықты, мұңды, т.б. сторителлингтер құрап жазған.
Эксперимент барысында білім алушыларға алдымен сторителлинг 
жазудың талаптары, реті мен құрылымдары түсіндірілді. Эмотивті лексиканы 
ұтымды пайдаланып, сторителлинг әдісі арқылы оқыған адамда сағыныш, 
мақтаныш, қуаныш, өкініш, т.б. түрлі сезімдерді тудыру тапсырмасы берілді. 
Сторителлинг экспериментінің нәтижелері төмендегі 18-кесте мен 13-
суретте берілді. 
Кесте 18 – Оқытудың қолдану деңгейін қамтитын сторителлинг 
экспериментінің нәтижелері 
 
Топтар 
Сторителлинг 
құрылымының 
сақталуы, % 
Эмотивті 
лексиканы орынды 
қолдануы, % 
Эмоционалды 
мәлімдеме 
жасай алуы, % 
Эмоционалды 
сөйлеу әсерін 
тигізе алуы, % 
1-топ (22) 
86,3 
90,9 
68,1 
81,8 
2-топ (20) 
85 
90 
75 
80 
 


138 
 
Сурет 13 – Оқытудың қолдану деңгейін қамтитын сторителлинг 
экспериментінің көрсеткіштері 
Сторителлинг 
экспериментінің 
нәтижелеріне 
сүйеніп, 
мынадай 
тұжырымдар жасауға болады: 
– сторителлинг – эмоционалды мазмұндағы ақпаратты ұтымды жеткізудің 
бірден-бір тиімді құралы; 
– сторителлинг – түрлі сезімдер мен эмоциялар тудыратын
ынталандыратын, іс-әрекетке шабыттандыратын, яғни субъектіден талап 
етілетін іс-әрекеттің тиімді мотивациясын қамтамасыз ететін оқытудың 
корпоративті әдісі; 
– сторителлинг – бұл оқыту, тәлімгерлік, дамыту және ынталандырудың 
педагогикалық мәселелерін шешуге бағытталған, белгілі бір құрылымы мен 
сипаты бар әңгімелерді қолдануға негізделген педагогикалық әдіс; 
– сторителлинг әдісін қолдану білім алушылар арасында эмоционалды 
реакция тудырады, оқу үдерісін қызықты етеді, сонымен қатар білім 
алушылардың танымдық белсенділігін жандандырады, оқу ақпаратын 
қолжетімді, көрнекі және есте қаларлықтай етеді; 
– педагогикалық сторителлингте мультимедиялық технологиялар 
белсенді қолданылады, яғни мұғалімдер оны күндізгі бөлімде де, қашықтықтан 
оқыту форматында да оңай қолдана алады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет