141
Сурет 14 – Оқытудың бағалау және бақылау кезеңін қамтитын эмотивтік талдау
экспериментінің көрсеткіштері
Эксперимент нәтижелері келесідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
– эмотивтік талдау эксперименті – коммуникациялық эмотивтік
жағдаяттардың экологиялығының параметрлерін анықтаудың тиімді құралы;
– эмотивтік талдау адамдардың эмоцияларын тану және басқару
тетіктерін, әртүрлі сападағы эмоцияларды келістіру, тұлғааралық қарым-
қатынас актілерінде жағымсыз эмоцияларды бейтараптандыру мен жағымды
эмоцияларды тудыру механизмдерін бағалауға мүмкіндік береді;
– эмотивтік талдау – білім алушылардың эмотивтік мәтіндердің эмотивтік
фоны мен тығыздығын бағалауға, олардың эмоционалдық әсер етуін бақылауға
мүмкіндік беретін тиімді әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: