Жумагулова айша алгабековна


 Үшінші бөлім бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет67/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

 
3.4 Үшінші бөлім бойынша тұжырым 
1. Жаһандану жағдайындағы экологияға жаңаша көзқарастың қалыптасуы 
түрлі салаларды жаппай экологияландыру міндетін қойып отыр. Сондықтан 
қазіргі білім беру саласында лингвоэкологиялық білімді қалыптастырудың 


144 
маңызы зор. Лингвоэкологиялық білім тіл өміршеңдігін қамтамасыз ететін, тіл 
болашағына төнген экологиялық қауіптермен күресуге қабілетті тілдік тұлғаны 
тәрбиелеуге, оның тілге деген құндылықтық қатынасын қалыптастыруға негіз 
болады. 
2. Құзыреттілік – бұл білім мазмұнының, іс-қимыл бағдарламалары, 
амалдары мен алгоритмдерінің бейнесі, кейіннен іс-әрекетте жүзеге асатын ішкі 
әлеуетті танымдық білім. 
3. Лингвоэкологиялық білім мен оны жүзеге асырудың арқасында адам 
басқа адамға физикалық та, моральдық та зиян келтірмей, өзара құрметпен 
қарым-қатынас жасауды үйренеді. Әлеуметтік және тұлғааралық қарым-
қатынаста адамдарға деген құрмет – бұл өзге адамға деген оң көзқарас, оның 
сезімдерін, 
ізгілігі мен жеке қасиеттерін 
тану, қызығушылығына, 
ұстанымдарына көңіл бөлу. Бұл тек бірлескен іс-әрекеттер үшін ғана емес, 
сонымен қатар даму, шығармашылық, қатысым үшін де маңызды. 
4. Эмоционалдық интеллект пен эмоционалдық құзыреттілік – (эмотивтік 
құзыреттілік эмоционалдық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде) екі түрлі 
ұғымдар.
5. Эмоционалдық интеллект – бұл эмоционалды ақпаратты талдау, өңдеу 
және пайдалану үшін интеллектуалды қабілеттердің жүйелік көрінісі. 
6. Эмотивті құзыреттілік – адамның эмоцияларды түсінуі мен олардың 
қызметін, өлшемін, атауларын, тілдік бірліктердің эмоционалды семантикасын, 
тілдік таңбалардың эмотивті валенттілігін білуі, сөйлеу әрекеті үдерісінде 
дамитын және әлеуметтік қарым-қатынас тиімділігін қамтамасыз ететін 
эмоционалды білімдерінің, дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы.
7. 
Эмотивті құзыреттілікке мынадай компоненттер кіреді: 1) 
эмоционалды қарым-қатынастың жалпы лингвомәдени кодтарын білу; 2) 
эмоционалды 
концептілер 
түріндегі 
осы 
кодтардың 
эмоционалды 
доминанттарын білу; 3) сөйлесетін серіктестерінің эмоционалды және 
этникалық сәйкестендіру маркерлерін, олармен эмоционалды қарым-қатынас 
жасау ережелерін білу; 4) белгілі бір қарым-қатынасқа түсетін өзінің және 
өзгенің семиотикалық лингвомәдени кодтарына сай эмоцияларын көрсету, 
білдіру және сипаттау құралдарын білу және игеру. 
8. 
Оқытудың үш кезеңін қамтитын эмотивтік құзыреттілікті 
қалыптастыру мен дамыту технологиясы ұсынылды. Бұл технология 
эмоцияларды атау, суреттеу және көрсету кезеңдерінен тұрады. Әр кезең 
оқытудың төрт деңгейін қамтиды: ұсыну, жаттығу, қолдану, бақылау және 
бағалау. 
9. Өткізілген эксперимент жұмысы ұсынылған оқыту технологиясының 
дұрыстығын 
және 
білім 
алушылардың 
эмотивтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың ұсынылған әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді. Жасалған 
әдістеме шеңберінде ұсынылған технология білім алушылардың, болашақ 
педагог мамандардың эмотивтік құзыреттілігінің жалпы коммуникативтік және 
кәсіби-коммуникативтік аспектілерін қалыптастыруға және дамытуға зор ықпал 
етеді. 


145 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет