қысылтаяң шақта осылай ойлауға қалай дəті барады».
Сүзге ханым екі ойдың ортасында арпалысып отырған сəтте
үлкен орданың хабарын алып, қамал-қалаға Көшім ханның інісі
64
Мұхаметқұл ханзада келеді. Өнерлі де қайратты, ажарлы осы бір
ханзаданың өнеріне тəнті болған Сүзгені Мұхаметқұлға қосқан
сыпсың өсектің тарағаны повестің басында айтылған. Повестің
лирикалық желісі тікелей осы Сүзге сұлудың Мұхаметқұл
ханзадаға деген жүрек түкпіріндегі кіршіксіз пəк сезіміне
байланысты өрбіген. Ешқашан айтылмайтын, ешкім сезуге де тиіс
емес періште сезім сол жүрек түкпірінде тұншығып қала бергені
бұл хикаятты лирикалық дүние деп тануға себеп бірден бір себеп
еді. Сүзгенің қиын да ауыр сынға түсер тұсы орын алады. Жазушы
қаламгерлік қырағылықпен əйел адамның психологиясын өте сəтті
бейнелеп жеткізеді. Мұхаметқұл ханзаданың келуіне еркіне тыс
елең ете қалған Сүзгенің қимыл-əрекетінде еш жасандылық жоқ,
бəрі де шынайы жеткізілген. Кейіпкер толғанысын, жүрек лүпілін
танытар лирикалық иірімдер, арпалысқа түскен жан толқынысын
жеткізер психологиялық толғамдар шығарма шырайын аша
түседі. Жас ханым не істерге білмей қиналады. Сүзге жүрегін
шымырлатар жылы сезімнің жетегінде кетерін де, қиындыққа бас
тігіп, ар жолын атамай қаларын да білмей дағдарады. Шығарма
финалына жетер тұс осы жерде анық шешім табуы керек.
Жас ханымның бойын билеген кереғар сезімдер енді анық
көріне бастағандай болады. Мұндай сəтте қол созар көмекшісі,
құтқарар періштесі баяғы өзі алғаш хан ордасына түскен күннен
бері қасында болған кейуана болады. Бұл кейуана жас ханымның
жанын түсінер жақын жан.
Жазушы психологиялық талдаулар арқылы кейіпкерінің жан
арпалысын бейнелей отырып, оның əрбір қимылын, іс-əрекетін
назардан тыс қалдырмайды. Ойымен арпалысқан ханым енді бірде
жолды Жаратқанға жалбарына отырып іздеуге көшкендей болады:
«Сүзге ханым отыра қалып бір дұғаны ұзақ оқыды. Жа-
ратқанға жалбарынып мінəжат етті. Əзəзіл елес зым-зия
жоғалды».
Пенделік ой кімді болса да бір сəтке арбары анық. Ханым
бойында əйелдік бір сезім қылаң берген сəтте əзəзіл қайтадан
бас көтереді. Қорғаушы періштесіндей болған күтуші кейуана
да өзінің міндетін адал атқаруға тырысып, Сүзгемен тікелей
əңгімеге көшкен:
« - Тəңірінің ерекше жаратқан құлы болады, ханым. Оның
65
маңдайын елден ерек тағдыр жазылмақ. Сен сондай ерекше
бітімде жаралған жансың. Саған сын да көп. Оны хан иең
баяғыда-ақ білген. Сені əспеттеп бөлек ұстауы содан. Сол қадірді
біл! Қазір алыста жүрсе, ол тағдыр ісі. Өз тағдыр талайыңды
қарсы алуға дайындал...».
Ерекше тағдыр иесі болып жаралған Сүзгенің дара бітімінің
биіктей түсуі осы тұста айрықша көрінеді. Əзəзілді ойды санасына
аулақ қуған ханым Мұхаметқұлға ермей қалып қояды. Осы
тұста шығарманың лирикалық қуаты артып, кейіпкердің нəзік
те кіршіксіз сезімі алдыңғы орынға шығады. Осы сəт сыршыл
əсерге толы
«көкірегінде бейкүнə арман, тəтті қиял жылап
қалды...», - деген сөйлеммен жеткізіледі. Бұл «бейкүнə арман мен
тəтті қиялдың» соншалық қымбаттығы мен тым тереңге тұнған
құпиялығы да оқырманға қапысыз аңғарылады. Тағдырын өзінен
əлдеқайда егде ханға байлап беріп, соның ары мен абыройы үшін
басын құрбандыққа тіккен жас сұлудың жылаған арманы мен
махаббаты кім-кімді де селт еткізбей қоймайды.
Бейкүнə арман, пəк сезімімен мəңгілікке қош айтысқан ханым
ендщі қимыл-əрекетке көшеді. Сол сəттен енді баяндау арқылы
күллі оқиға көз алдымыздан өтеді. Сүзге ханым батылданады, күш-
қайратын бойына жияды. Мұхаметқұлмен бірге нəзік те мұңлы
жанын аттандырып жібергендей болады. Ел бастар көсемдей
болып, жарлық беріп, нақтылы шешімдер қадам басады. Қаланы
қоршауға алған атаман Грозаға елші жіберіп, келісімге шақырады.
Ашыққан қала тұрғындарына тұрғындарға қазынада бар мүлікті
таратады. Көз жасы тиылып, қатал қалыпқа көшеді. Осы күнге
дейін үміт отын сөндірмей жүрген Сүзгені қорғанға келіп түскен
сұр жебе қатты тіксіндіреді. Шығарманың соңындағы қанжардың
жарқ еткен жүзі, жүрекке қадалуы айтылмайды. Оның орнына
қанжар енді көтерілген шақта қайдан пайда болғаны белгісіз сұр
жебе назарға алынады. Бұл деталь шығарманың эстетикалық
əсерін барынша артыра түскен эпизод.
Ой жіберіп қарасақ, Сүзгенің жаны қанжар қадалардан бұрын,
яғни сұр жебе қорғанға хат алып түскен күні үзілген екен:
«...Ханның қосыны жаудың қолымен айқаста жеңіліп, үлкен
күйзеліске түсті. Хан қалған жасақтарымен Обадарияға қарай
шегінуге мəжбүр болды. Мұхаметқұл ханзада ауыр жараланып,
5–1036
66
жат қолында тұтқында қалды...» - делінген жебемен бірге
келген хатта. Сүзгенің үмітінің күл болуына себеп Көшім ханның
жеңілуі ғана емес, Мұхаметқұлмен бірге атанып кеткен бейкүнə
сезімінің шарасыз қалыпта, тұтқында қалуы да екуен осы бір
хаттағы сөздермен дəделдене түседі.
Жас ханым Сүзге өзінің əйелдік ар-намысы мен тазалығын,
тағдыр қосқан хан иесіне деген құрметін биіктете отырып, ажал
құшты. Алып самырсын түбінде жүрегіне қанжар қадалған күйі бүк
түсіп отырған Сүзге арқылы жазушы көп жайды аңғартып өтеді.
Эпилог орнына берілген шағын бөлімде тұтқынға түскен
Көшім хан əулетінің əлдеқайда, өздері білмейтін белгісіз бағытқа
кетіп бара жатқан сəті көрсетілген. Үлкен ордадағы үлкен
бəйібшенің жастай ажал құшқан Сүзге рухымен бақұлдасады,
одан кешірім сұрайды, Жаратушы иеге жалбарынып, Сүзгеге
дұға тілейді. Кезінде Сүзге бауырына басып алмақ болған
Алтынайдың жас ханымды көргендей болуы, Сүзге рухының құс
болып күймені айнала ұшып жүруі үлкен ханымның ой иірімі
арқылы берілген. Əдебиетте адам жанының құсқа, жануарға,
жəндікке айналғаны туралы көркемдік шешімдер жеткілікті.
Сүзге жанының құсқа айналуы авторлық жаңалық демейміз,
шығарманың идеялық жəне эстетикалық мұратынан туындаған
көркемдік шешім. Сондай-ақ осы туындының психологиялық
астармен өрілген лирикалық бітімін айқындай түсер мысал.
Жазушы Шəрбану Бейсенованың негізгі ұстанымы əдебиеттің
тəрбиелік мəніне, эстетикалық əсеріне жəне этикалық талаптарына
келіп саяды.
Қаламгер кейіпкерінің Сібірдің атақты ханы Көшімнің жары
ретінде тарихта болған тұлға екенін естен шығармай, кейіпкерінің
жан дүниесіне тереңдей бойлап, жүрек лүпілі мен жан дірілін,
нəзік сезім иірімдерін қапысыз аңғартып, қазақ көркем
прозасындағы əйелдер бейнесі қатарына өткен тарих тереңінен
Сүзгедей хас аруды əкеліп қосты. Оқырманының сезіміне əсер
етер сыршыл сазбен лирикалық прозаның талаптарына толық
жауап бере алатын əдемі туындыны дүниеге əкелді. Бұл шығарма
қазіргі қазақ лирикалық прозасының кеңейген өрісін таныта
аларлық шығарма болуымен бірге лириканың психологизмге
шебер үндесуінің бірегей мысалы.
|