68
ІІІ т а р а у
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭМАЛАРЫ
Қазіргі қазақ поэмаларының тақырыптық сипаты жəне
көркемдік-философиялық мəні. Қазіргі поэмалардағы өт кен
мен бүгіннің байланысы. Поэтикалық бейнелеулердің жаң-
ғыруы.
Тəуелсіздік жылдары əдебиетінде поэма жанрының дамуы
қарқынды болды. Қазақ ақындары бұ кезде кешегі кеңестік ке-
зеңде айтылмаған шындыққа көбірек көңіл бөлді. Ұлт тарихының
ақтаңдақ беттері тпоэма тақырыбына арқау болып, өткеніміздің
ащы шындығы бейнеленді. Поэмаларда тарихи тақырыптар
молынан қамтылып, тарихи тұлғалар бейнесі жаңа қырымен
тұлғаланды. Сондай-ақ ХХ ғасырдың айтулы оқиғалары да
поэманың өзегіне айналды. Қазақ халқының басынан кешірген
күллі тарихи кезеңдерінің көркем шежіресі түрлі тақырыптағы
поэмаларда тұтастай қамтылды.
Осы кезеңдегі бірсыпыра поэмалар қазақ эпикалық жанрына
тың мазмұн, жаңа көркемдік өрнектер қосты. Ақын Қадыр Мырза
Əлі «Заман-ай» поэмасында (1997) Қазақстанның Кеңес өкіметі
жылдарындағы тарихына бүгінгі күндегі жаңаша көзқараспен
барлау жасайды. Осы кеңестік идеология қыспағындағы 70 жыл
ішінде қазақ халқының басынан кешкен небір қиындықтарды
көркем ойлармен жинақтап береді. Поэманың «Бұқара мен
партократия» деген тарауында ұзақ жылдар бойы «жетекші күш»
болған коммунистік партияның саясатынан халықтың зардап
шеккенін тебірене жыр етеді:
Уландырды сəбидей саналарды,
Тыңдамадық көреген даналарды.
Енді, міне,
Ұятын Партияның
Адал жандар арқалап қала барды!
Қ. Мырза Əлінің 1997 жылы жазылған «Бес жыл өткен соң»
поэмасы нарықтық экономикаға көшу кезіндегі қазақ халқының
69
аянышты тұрмысын арқау ектен. Ақын жалғанды жалпағынан
басып жүрген кейбір алаяқ пенделерді əшкерелей отырып,
қара
пайым халықтың күйзелген халін толғайды. Поэмада
сапырылысқан шетелдік көлікке толған Алматы қаласының
бейнесі де, қазақ ауылының сұрғылт тірлігі де шынайы су-
реттелген. «Заман-ай» жəне «Бес жыл өткен соң» поэмалары –
қазақ халқының XX ғасырдағы басынан кешкен тарихын көркем
бейнелеген эпикалық туындылар.
«Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік əлем ақыны»
марапатын иеленген ақын М. Шахановтың «Жаңғырық немесе
Ақсақ Темір қалай басталды», «Өркениеттің адасауы», «Жазагер
жады космоформуласы немесе Шыңғысханның пенделік
құпиясы» поэмалары тарихи оқиғалардың мəніне философиялық
тұрғыда үңілуімен маңызды болды.
«Өркениеттің адасуы» (1999) поэмасымен ақын осы жанрдың
көркемдік өрісін кеңейтіп, қазақ эпикалық поэзиясының
мүмкіндігін танытты. Поэма мазмұны, оғанарқау болған идея-
ның жалпы адамзаттық мүддемен қабысуы, ұлттық шеңберден
шы ғып, бүкіл əлемдік проблеманы қозғауы поэманың мəнін
тереңдетті.. Ақын бұл поэмада өткен ғасырларға барлау жасаумен
бірге бүгінгі өзекті мəселені тебірене толғайды. Күллі халыққа
қайғы-қасірет əкелген Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Гитлер, Сталин-
дердің алапат жауыздықтарын əшкерелей отырып, ізгілік
жолында талмай күресіп, адамзат баласына адамгершілік пен
кемеңгерліктің ой қазынасын мұра еткен Аристотель, Конфуций,
Əл-Фараби, Фирдоуси, Шекспир, Гете, Достоевский, Бетховен,
Моцарт сияқты тұлғаларды шабытпен жырға қосады.
Қазіргі адамзат санасын жаулап алған бұқаралық мəдениеттің
рухани қасиеттерді əлсіретіп бара жатқан ұнамсыз жағы поэмада
айқын көрініс тапқан. Гуманизмді ту етіп көтерген поэманың
маңызы жоғары. М. Шахановтың «Өркениеттің адасуы» поэмасы
– адамзаттық ұлы мұраттарды ту еткен, жамандық, зұлымдық
атаулыны барынша əшкерелеген көркем шежіре.
Тəуелсіздік жылдары эпикалық жанрда кең құлаш сермеген
ақындар М. Шаханов, Иран-ғайып (И. Оразбаев), Н. Айтұлы,
Ж. Бөдеш, Е. Раушанов, т.б. болды.
Тəуелсіздік кезеңінде қаламынан көптеген поэмалар туған
70
ақын Несіпбек Айтұлының «Тоғыз тарау» деген атпен жарық
көрген поэмалар кітабына тоғыз поэмасы топтастырылды.
«Сардар», Бердіқожа батыр», «Шақантай, «Көкала үйрек», «Түс
– елес», «Кəмей ұшқан», «Ерлік пен тектілік», т.б. поэмаларында
ақын ұлт тарихындағы айтулы тұлғалар болмысын танытуға
ұмтылған. Ақын Жəркен Бөдешұлы «Аңырақай бекетіндегі
ой», «Генерал Жохар Дудаев», «Жақия», «Қаныштың картасы»,
«Жолаушы», «Шер», «Қарауыл төбе хикаясы» поэмаларына қазақ
тарихының кезеңдерін, сондай-ақ уақыт тынысын арқау еткен.
Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ дастан
сарынын жаңаша қалыпта түрленткен Е. Раушановтың «Ғайша-
бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстетикалық құндылығы
мен өзек еткен оқиғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерекше
көркем дүние. Қазіргі қазақ поэмасының даму деңгейі,
көркемдік-эстетикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық
мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек,
алдымен ойға оралып, назар аудартары – осы «Ғайша-бибі»
поэмасы. Мазмұндық, пішіндік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма
жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын
Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан танытқанын,
оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын айта
кеткен абзал. Ең əуелі бұл поэманың романтикалық туынды
екенін айтқан жөн. Романтизмге тəн басты белгі ретінде ерекше
жағдайда ерекше əрекет, мінездерімен танылатын ерекше
қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тəн.
Сондай-ақ əдебиеттанушы Е. Тілешев «романтизм əдебиеті
...лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді» - деп
атап көрсеткендей, əдістік тұрғыдан романтикалық туынды
болып саналатын «Ғайша-бибі» ұлттық əдебиетіміздегі поэма
жанрының лиро-эпика деп аталатын саласының дүниесі. Ұлы
ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің
негізгі стихиялық белгісі – лиризм деген тұжырымына сүйенсек,
ойымызды дəйектей түсеміз.
Поэманың мазмұндық-құрылымдық сипаты өте күрделі
болғандықтан, талдауды жекелеген бөлімдерге ретпен жүргізгенді
жөн көрдік.
«Ділім – қанағат, дінім – табиғат» деген түркі мақалын эпиграф
71
еткен поэманың «Тізгін қағарында» алда айтылар оқиғаға барлау
жасалып, түркілер тарихынан сыр тартылады. Таласты таласа
емген екі елдің - түркілер мен түркі еместердің тұрмысы мен
салты, атағы мен даңқы, салтанаты жырланады.
Сонымен, ең əуелгі сөз поэманың «Тізгін қағары» туралы.
Ауыз əдебиетіндегі жыршылық мəнерді жазба əдебиеттегі көркем
сурет, айшықты тіл, бейнелілікпен ұштастыра жырлаған ақынның
сөз кіріспесінің өзі оқырманды елең еткізерлік:
Достарыңызбен бөлісу: |