86
Кем боп қалды бір есімі,
Бірі кем дүние, біз кеттік.
Жүзінші аты болды қиын,
Жасырайын мен несін.
Соңғы соқпақ, соңғы түйін.
Ол не түйін? Ол не есім?
Уа, не дейін, саған балам,
Оны мен де таба алмағам,
Оны ешкім де таба алмаған...
Сіз сол діннен көп арыға,
Көп арыға сермейсіз,
Адам Құдай боларына
Өзіңіз де сенбейсіз –
дейді. Күлтегіннің жетінші белгіні жұмбақтағаны тəрізді Ғайша
да өзіне жетпей тұрған бір тұжырымды Мұхаммед Пайғамбардан
сұрайды. Мұсылман діні туралы аңыз-хикаяттарды Алланың жүз
бір есімі болатындығы, адам баласына оның тоқсан тоғызы ғана
аян болғандығы айтылады. Осы
желі Мұхаммед Пайғамбардың
айтуымен поэмада былайша баяндалады:
Яғни, адамның құдай болмағы бос əуре. Бірі кем дүние –
жұмбақты ақырына дейін шешу, дүниенің күллі құпиясын ұғыну
мүмкін емес. Ақын поэтикалық орамдармен баяндаған жетінші
белгінің жұмбақ болуы, жүзінші тұжырымның табылмауы – бəрі
де соның дəлелі. Бұл дəлелді пайғамбарлардың əуелі де ақыры да
болған Мұхаммед те бекіте түседі.
Бас қаһарман Ғайша енді еңбегіне «Жалқы мен жалпы» атты
трактат қосуды жоспарлайды. Жалқы дегені – Əлем, жалпы дегені
– Адамдар. Осы тұста Ғайша өзінің көзқарасын мүлде
өзгертіп,
ата-анасы сыйынған исламға бас ұрады. Адам-Құдай туралы өз
ойынан шошынады. Аллаға құлшылық еткен Ғайшаның халін
ақын сəтті детальдық оқиғалармен берген (парсы жақтан келген
дəруіштің базарда жыланмен ойнап отырып, қайталай беретін
«бір кітаптың аяғы – бір кітаптың басы-дүр» деген өлеңі).
Поэмада екінші рет қайталанатын «Жыландар жыры» (дұ-
ры сында тарау аты ғана қайталанады) оқырманды қайтадан
бастапқы оқиғаның жалғасына жетелейді.
Алтын бауыр ана
жылан өрттен алып, алысқа лақтырған екі жылан шаһарға
оралып, жылан тілін түсінетін жалғыз жан (түн ішінде жарығы
87
жанып тұрған жалғыз үйдің иесі) – Ғайшаға келіп жылайды.
Бұл екі жыланның жылағаны фольклорлық поэтикаға сай, жыр
тілімен берілген. Жыландар тілімен төгілген зар, адамзаттың
табиғатқа əкелген зұлматы осы тұста айтылады. Түркілер еліне
қашып, түркіеместер жеріне барған екі жылан мұнда да Мəлике-
Маран əулетіне адамдар тарапынан қырғын келгенін көрген екен.
Екі жыланның зарын ақын əсерлі тілмен бейнелеп жеткізген.
...Екі бұрымың болайық, апа,
Екі де бірдей шерменде.
...Екі сырға ғып тағып ал, апа,
Нан берші бірақ бір үзім.
...Екі білезік салып ал, апа,
Екі қолыңа мүбəрəк!
Ғайшаға осылайша зарланып, ішке кірмек болғанда інісі Алмас
құйрықтарынан ұстап, сыртқа қарай лақтырып жібереді. Поэма
оқиғасында сирек көрінгенімен, өзінің бүкіл іс-əрекеті,
сөзімен
халықтың бұзылып бара жатқан пиғылын танытқан бұл кейіпкердің
де бар мақсаты – түркіеместерді қырып салу. Туған інісіне де сөзі
өтпей, амалы құрыған Ғайша Қағанға келіп, ақыл салмаққа бекінген.
Келсе, Қағанның да тірлігі – осы. Түркіеместердің тыңшысы деп,
бір жігіттің аяқ-қолын байлап қойған. Жиналған көпшіліктен оған
кесілетін жазаны сұрап отыр. Ғайша енді сол тұтқын жігітті сауғаға
сұрайды. Ниеті – аман алып қалу:
Достарыңызбен бөлісу: