«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»
БОӨЖ №13
Реферат
Құқық қорғау органдарын( сот, прокуратура, полиция, арнайы, қауіпсіздік
қызметтерін) құру. Құқықтыш реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық
қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқытары мен
бостандықтарын қорғауды нығайту
Орындаған: Әбдірахман Ақбота
Қабылдаған: Хамытхожаева Д Курс:
1
Группа: 105 б
Almaty, 2023
Жоспар:
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»
1.
Кіріспе
2.
Негізгі бөлім
3.
Құқық қорғау органдары
4.
Прокуратура органдарының қызметі
5.
Прокуратураның міндеттері
6. Азаматтардың құқығы мен бостандығын лайықты қорғау – басты міндет
7. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары.
8.
Қорытынды
9.
Пайдаланылған әдебиеттер
Құқық қорғау органдары
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз
қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және
халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың,
олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының,
олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін
белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын,
заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым
қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан
ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың
қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп
аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық
бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды
істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту
жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен
міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан
Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады:
полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр
алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот
органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері,
Президент күзетінің қызметі және т.б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің,
Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция
органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау
органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу,