«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY» анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген.
Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1)
қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2)
патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды
қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы
ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы,
оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы
отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге
бағытталған және т.б. Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы
өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен
азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып
алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың
панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан
аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б.
міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың
құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда
көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас
бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды
жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын
үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық
береді. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің
полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс
жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық
полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық
органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал
қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді. Қаржы полициясының құқықтары
төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және
болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде
шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу,
анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге
асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты
сұрату және алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің
басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс
істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік
құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен
ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс
істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК
органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік
мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және
дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-
ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК