«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY» органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару
айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа
да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11
қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына
жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті
лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік
қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК
органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-
дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік,
экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге
бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын
алазерттеу жүргізеді.
Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі
көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері
ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы»
арнаулы заңмен белгіленген. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және
олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа
құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан
қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты –
Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету,
заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады
Прокуратураның міндеттері . Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына
отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең
өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады. а) адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды; ә) полициялық органдардың
тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын; б) азаматтарды әкімшілік жауапқа
тартудың заңдылығын; в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер
бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын; г) сот органдарының үкімдерінің,
шешімдерінің заңдылығын. Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі
тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды
адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру;
қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен.
Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа
жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың
сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға
әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті
болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін
тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін
қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде