дезинфекциялық препараттардың антимикробтық белсенділігін ойықшалар маңындағы
микроорганизмдердің өсуінің тежелу аймағының көлемімен бағалайды.
Нәтижесін бағалау:
Мироорганизмдердің
өсуінің
тежелу
аймағының көлемі
Дезинфекциялық
препараттардың
антимикробтық белсенділігі
10
мм- ден төмен
Белсенді емес
11-14 мм
Белсенділігі төмен
15-24 мм
Белсенділігі жоғары
25 мм-ден жоғары
Белсенділігі өте жоғары
Сұйылту әдісі. Препараттардың бактерицидтік қасиетін анықтау үшін 9мл
2млрд.микроорганизм езіндісіне 1мл алдын ала зерттелетін зарарсыздандырғыш ерітінді
қосып, пробиркада араластырады. Микроорганизм езіндісіне
араласқан зерттелетін
препарат ерітіндісінен 1 мл алып 9 мл физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға құяды
(10
2
), оны жақсылап араластырып келесі пробиркаға 1 мл ерітіндіні ауыстырады.
Осылайша қоспаны 10
4
немесе10
6
- ге дейін сұйылтады.
Сұйылтылған қоспаның соңғысынан 1мл суспензияны Петри аяқшаға құяды, оның
үстіне алдын- ала ерітілген және 40
0
С- қа салқындатылған ЕПА құйып қатырады.
Содан
кейін Петри аяқшаларындағы себінділерді 48 сағатқа термостатқа қояды.
Тәжірибемен қатар бақылау сынамасын жүргізеді. Ол үшін 9мл 2 млрд
микроорганизм езіндісіне 1 мл физиологиялық ерітінді құйылады және сұйылту тәртібі
жоғарыда айтылғандай жасалады.
Петри аяқшасындағы колония санын есептеп, орташа
арифметикалық көрсеткішін
алады. Алынған нәтижені сұйылту дәрежесіне көбейтіп жалпы микробтар санын
анықтайды.
Микробтардың өмір сүру қабілетін төмендегі формуламен анықтайды:
V=O/К*100
Мұндағы:
V- микробтардың өмір сүру қабілеттілігінің пайыздық көрсеткіші;
О- бактерицидтік препараттармен зарарсыздандырғаннан кейінгі микробтар саны;
К- бақылаудағы микроб саны.
Достарыңызбен бөлісу: