36
Балаларды түзету мекемелері мамандарының кәсіби қызметінде стресске төзімділікті қалыптастыру
беру тәжірибесін іске асыратын арнайы мекеме-
лерде де, жалпы білім беретін мекемелерде де
білім ала алады.
Қазіргі әлемде адамның ғылыми іс-әрекетінің
түрлі салаларында
стресстің табиғат генезисін,
құрылымын талдауға және әртүрлі стресстік
жанжалды жағдайларды реттеу әдістерін зерт-
теуге жоғары деңгейде қызығушылық көрінуде.
Әртүрлі ғылым салаларында стресстік фак-
торларды анықтау мәселесіне және стресске
төзімділікті қалыптастыру механизмдерін да-
мытуға бағытталған бағдарламаларды әзір леуге
ерекше назар берілуде (соның ішінде психология
білім саласында).
«Стресс» ұғымы білімнің әртүрлі салала-
рында
кеңінен қолданылады, онда стресстің
пайда болу себептері, оның даму механизмдері,
салдары мен көріністері бойынша жаңа ұғымдар
қосылуда. В.А. Бодров өз жұмыстарында атап
өткендей, бұл термин сыртқы ортаның әсерінің
салдарынан пайда болатын жанжалдарды,
қауіпті жағдайларды, күрделі және жауап-
ты өндірістік міндеттерге
байланысты орнай-
тын көптеген мәселелерді біріктіреді. Әртүрлі
стресстің түрлері психология, физиология, ме-
дицина, әлеуметтану және өзге де ғылымдар
саласының зерттеу пәні болып табылады (Бойко,
2016: 32).
Бүгінгі күні стресс мәселесі ерекше ғылыми
мәнге ие болды. Стресс категория, феномен
ретінде өзінің табиғаты бойынша күрделі құ -
былыстардың кең шеңберін біріктіреді: психофи-
зиологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және тағы да
басқа. Бұл сұрақтың кешенділігі мен көптүрлі-
лігі зерттеудің пәндік
алаңы ретінде стрессті
анықтаған көптеген ғылыми бағыттардың пай-
да болуына себеп болды. Осылайша, стресс
концепциясын құру бір-бірінен айтарлықтай
ерекшеленетін және сол уақытта бір-бірін да-
мытатын және
толықтыратын теориялар мен
модельдерінің бірқатарында өз көрінісін тапты
(Cohen, 1985: 314).
Достарыңызбен бөлісу: