42
Балаларды түзету мекемелері мамандарының кәсіби қызметінде стресске төзімділікті қалыптастыру
қақтығыстар мен фиксацияларды өзектендіру
және бағалау шеңберінде жүзеге асырылады.
Бұл терапия, егер адекватты емес эмоционалдық
жауап берудің қою көзі уақыт бойынша артта
қалса (мысалы, ерте балалық шақта болса) немесе
психологиялық қорғанудың ықпалымен мен-
концепциясымен үйлеспеушілікке байланысты
болса орынды болады (Thomae, 2012: 12).
Эмоциялық проблемаларды сана аясына
шығару олардың дұрыс шешілуіне мүмкіндік
береді, бұл эмоциялық стресс негізінде дамыған
соматикалық симптомдарды жоюға ықпал етуі
мүмкін. Ең жиі қысқа мерзімді динамикалық
психотерапия қолданылады. Бұл әдістеме, не-
гізінен, нақты проблемаларды шешу және әлеу -
меттік қолдауды қамтамасыз ету үшін стра-
тегияны анықтауға бағытталған. (Yerkes, 2010:
458)
Мінез-құлықтық психотерапия мінез-құ-
лықтың невротикалық түрлері барабар емес
оқыту нәтижесі болып табылатын және «қайта
оқыту» жолымен жойылуы мүмкін жағдайға
негізделеді. Мінез-құлықтық психотерапияның
көмегімен оқыту барысында адамда мінез-
құлықтың жаңа қағидалары мен түрлері өңделеді
(Овчинников, 2006: 480).
Топтық психокоррекция – эмоциялық
шарттасқан бұзылыстарды түзетуге бағытталған.
Тұлғааралық қарым-қатынастағы эмоциогенді
бұзылыстарды түзету моделдеу және белгілі
бір жағдайды кіші топтарда талқылау арқылы
жүргізіледі. Бұл топтық қарым-қатынаста эмо -
ционалды күйзеліске тек әлеуметтік тұрғы-
дан қолайлы формалармен жауап беруді жат-
тықтырумен байланысты. Бірыңғай топтарда
психотерапияның топтық түрлерін және пси-
хокоррекцияны қолдану анағұрлым негізді және
тиімді деп санауға болады (Wong, 2009: 51-60).
Соңғы уақыттарда тәжірибе көрсеткендей,
стресске төзімділікті қалыптастыру үшін ар -
найы бағдарлама бойынша жүргізілген топ-
тық сабақтар тиімді нәтижелер көрсетуде. Ол
бағдарламалардың ұзақтығы 1.5 айдан – 6 айға
дейін. Кездесу жиілігі аптасына 2-3 рет. Бағ-
дарламалар стресске төзімділікті қалыптастыру
бойынша теориялық және тәжірибелік бөлім-
дерді кіріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: