23
Практикалық тапсырма №
2.
Графикалық объектілердің
анимациясы
Анимация бұл статикалық суреттердің тізбектеліп бірінен соң
бірінің шығарылуы. Flash фильмі кадрларының шығарылу ретін
көрсету үшін уақыт шкаласы пайдаланылады.
Жаңа фильм құрғанда
уақыт шкаласының барлық оң жақ бөлігі бос тіктөртбұрыштардан
тұрады, ал курсор бірінші кадрда орналасады. Мұндағы бос
тіктөрбұрыштар құрылатын фильмнің кадрларын бейнелейді. Бос
Flash фильмінде ағымдағы кадрдың көрсеткіші
тек бірінші кадрда
ғана орналасады. Flash ортасында кадрлар уақытты сипаттау үшін
пайдаланылады.
Фильмге кез келген мөлшердегі кадрларды қосуға болады.
Кадрлардың жиілігі ескертусіз секундына 12 кадр, қарапайым Web
жұмыстары үшін секундына 8 кадрды қолдануға болады. Кадрлар
жиілігін көбейту
фильм қозғалысын жылдамдатып, анимацияны
шынайылыққа жақындатады. Ал жиілікті кеміту фильмді баяулатады,
анимацияның күрделілігіне қарай діріл пайда болуы мүмкін.
Flash фильмнің өлшемін азайту үшін мүмкіндігінше кадрлар жиілігін
төмендету қажет. Кадрда объект пайда
болғаннан кейін бірінші
кадрдың бос
тіктөртбұрышы
нүктесі
бар
тіктөртбұрышқа
ауысады.
Мұндай кадр
кілттік кадр
деп аталады. Кілттік кадр барлық
уақытта қандай да бір объектілерден немесе алдыңғы кадрларға
қатысты осы объектілердің өзгерісінен тұрады. Кілттік кадрлардың
тізбегін
құра отырып, кез келген қиындықтағы анимациялық тізбек
құруға болады. Кілттік кадрлар тізбегінен тұратын анимация
Достарыңызбен бөлісу: