ЕЕА 1. Жалпы патология пәнінің мақсаты мен міндеттері және зерттеу әдістері.
Патология — аурудың туындау, даму және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін іргелі
ғылым. Оның зерттейтін мәселесі— ауру организм.
Патологиялық анатомия организм ауырғанда, аурудан айыққанда немесе қаза
болғанда, оның органдары мен тіндерінде орын алатын құрылымдық өзгерістерді, ал
патологиялық физиология аурулар мен патологиялық үдерістердің түрлі даму
кезеңдеріндегі функциялық мәнін зерттейді.
Патологияның негізгі бөлімдері — жалпы патология мен жеке аурулар патологиясы.
Жалпы патология зерттейтін типтік (стереотиптік) патологиялық үдерістерге: дистрофия,
некроз,
атрофия,
қанайналымының
бұзылуы,
иммун-патологиялық
үдерістер,
лимфаайналымының бұзылуы, қабыну, аллергия, қалтырау, гипоксия, компенсациялық-
бейімделулік жауаптар (реакциялар), экстремалдық жағдайлар — стресс, шок, коллапс, кома
және ісіктер жатады.