Патология — аурудың туындау, даму және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін іргелі ғылым. Оның зерттейтін мәселесі— ауру организм. Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.05.2022
өлшемі170,88 Kb.
#34197
1   2   3   4   5
1.  Жасырын кезең 

Жасырын (латенттік, инкубациялық) кезең —  ауру туындататын әсердің басталу сәтінен 

аурудың  алғашқы  нышанына  дейінгі  мерзім.  Ауруға  тән  бейне  байқалмайды.  Организм 

патологиялық  фактордың  әсерін  тежейтін  қорғаныс  механизмдерін  іске  қосып,  аурудың 

клиникалық бейнесін туындататын зақымдардың алдын алады. 

Компенсациялық-бейімделулік 

механизмдер 

белсенділігі 

жеткілікті 

болса, 


патологиялық фактор жойылса, ауру дамымайды. 

Бұл механизмдер жеткіліксіз болса, аурудың даму  барысы екінші кезеңге  — продром 

кезеңіне ұласыды. 

2.  Продром кезеңі 

Аурудың  продром  (бастапқы  нышан)  кезеңі  дімкәстік,  әлсіздік,  тез  қалжырау  сияқты 

алғашқы  бейспецификалық  нышандардан  басталады.  Бұл  нышандар  ОЖЖ  қызметін 

реттейтін механизмдердің бұзылатынын көрсетеді. 



3.  Айқын бейнелі кезең 

Айқын бейнелі кезеңде сол ауруға тән симптомдар байқалады. Мысалы, қызылшаның 

даму  мерзімі  8–10  тәулік  болса,  бөртпе  сүзектікі  —  13–16  тәулік.  Аурудың  біразының 

(сифилис, ЖИТС) мерзімі әрқилы. 

Аурудың  жедел  (даму  мерзімі  тұрақты)  және  созылмалы  (ұзақ  ағымды)  нысандары 

болады. Кейбір аурулар асқынып, қайталанады (рецидив). 



Аяқталу кезеңі 

Аурудың ақыры — одан толық немесе шала айығу немесе өлім. 



1.  Толық  айығу  —  организм  әрекетінің  толық  қалпына  келуі;  организм  қоршаған 

ортамен жаңа тепе-теңдік жағдай қалыптастырады.. 



Шала айығу — ауру бұзған әрекет, толық қалпына келмей, қалдық нышандар (мысалы, 

жөтел) байқалады.  Шала айыққанда ауру  қайталануы (рецидив) мүмкін. Рецидив,  әдетте, 

патогенді тітіркендіргіш толық жойылмай, тек әлсіретілгенде дамиды.  

Өлім  организм  патогенді  фактордың  әсеріне  бейімделе  алмаған  жағдайда  дамиды. 

Қайтымсыз  өзгерістер  орын  алып,  организмнің  әрекеті  толық  тоқтайды.  Өлімнің 

клиникалық және биологиялық түрлері бар. 

Клиникалық өлім — қайтымды өлу үдерісі; тынысалу мен қанайналымы тоқтағанмен, 

мида заттар алмасуы біраз уақыт сақталып, 5–6 минут аралығында тіршілік әрекетін қайта 

жандандыру мүмкін болады. Көбіне клиникалық өлімнің алдында агония (грекше: agonia 

— жанталас) — барлық маңызды тіршілік әрекеттері бұзылатын сәт байқалады. 



Биологиялық  өлім  —  өлу  үдерісінің  қайтымсыз  кезеңі;  алдымен  мида,  кейін  басқа  да 

органдарда  заттар  алмасуы  (метаболизм)  толық  тоқтайды.  Тіндерде  тіршілікпен 



үйлеспейтін, қайтымсыз өзгерістер орын алады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет