Патология — аурудың туындау, даму және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін іргелі ғылым. Оның зерттейтін мәселесі— ауру организм. Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата12.05.2022
өлшемі170,88 Kb.
#34197
1   2   3   4   5

Document Outline

  • Патология — аурудың туындау, даму және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін іргелі ғылым. Оның зерттейтін мәселесі—  ауру организм.
  • Патологиялық анатомия организм ауырғанда, аурудан айыққанда немесе қаза болғанда, оның органдары мен тіндерінде орын алатын құрылымдық өзгерістерді, ал патологиялық физиология аурулар мен патологиялық үдерістердің түрлі даму кезеңдеріндегі функциялық ...
  • Патологияның негізгі бөлімдері — жалпы патология мен жеке аурулар патологиясы. Жалпы патология зерттейтін типтік (стереотиптік) патологиялық үдерістерге: дистрофия, некроз, атрофия, қанайналымының бұзылуы, иммун-патологиялық үдерістер, лимфаайналымыны...
  • Жеке аурулар патологиясы аурулардың жеке түрлерін зерттейді.
  • Патология — медицинаның іргетасы. Өйткені ол аурудың мәндік негізін, құрылымдық және функциялық бейнесін айқындап, олардың алдын алу және емдеу жолдарын іздестіреді.
  • Патологияның міндеттері және мақсаты — патологиялық үдерістер мен аурулардың мәнін танып, пайымдау. Ол міндеттерді орындау үшін мына әдістер қолданылады:
  • • аутопсия — мәйіттен алған материалды зерттеу. Науқастардың органдарында аурудан дамыған өзгерістер мен өлу себебін анықтау үшін  мәйітті жүйелі ретпен ашып, зерттейді;
  • • биопсия — науқастың органынан шағын тілім (биоптат) алып зерттеу; науқасқа тірі кезінде диагноз қоюға болады;
  • • эксперимент — аурудың (үдерістің) жануарларда қалыптастырылған үлгісінен жинақтаған деректерді зерттеу. Әдетте, аурулардың адам ауруына ұқсайтын эксперименттік үлгілері жасалады. Сөйтіп, аурулардың даму механизмдерінің ерте кезеңдерін зерттеп, олард...
  • • визуалдық,  яғни макроскопиялық, жарық немесе  электрондық микроскоптармен зерттеу — ең кең қолданылатын әдіс. Патологиялық үдерістердің мәнін танып, пайымдау үшін клиникалық зерттеу деректері де қолданылады.
  • ЕЕА 2. Нозология анықтамасы. Аурудыңдамуы мен аяқталуы.
  • Нозология (гpekтің nosos - aypy, дерт, logos - iлiм) ауру туралы жалпы ілім. Бул медицина ғылымынын ең бiр көне күрделі мәселесі.
  • Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну кажет. Бүгінгі күнге дейiн денсаулық толык зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған. Мысалы, егер 1000 дені сау деген адамды әртүрлі ағзалар мен жуйелердін қ...
  • АУРУ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ
  • Адам организмі өмір бойы климаттық, радиациялық,   тағамдық, әлеуметтік сияқты әртүрлі қоршаған орталық жағдайлардың үдіксіз әсерінде болады. Организм қоршаған ортаның үздіксіз өзгерістеріне үнемі бейімделіп отырады; олардың  біразы организм үшін қаже...
  • Денсаулық — организмнің сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне ең оңтайлы бейімделген физикалық, психикалық және әлеуметтік есендігі.
  • Тым шетен алғашқы немесе бұрын ұшыраспаған әсер жаңа адаптациялық жауаптар туындатады.  Ондай әсерге қарсы тұра алмаған жағдайда, организмінің әрекеті бұзылып, адаптациялық жауап шегіне жетпейді де, адам ауырады.
  • Ауру — организмнің патологиялық фактордың әсеріне жауабы; тіршілікке икемділігі бұзылып, қоршаған ортаға бейімделу қабілеті кеміп, еңбекке жарамдылық шектеледі. Ауру да, деннің саулығы сияқты — тіршілік көрінісінің бірі; оған да заттар алмасуы тән жән...
  • Ауру организмнің сау организмнен айырмашылығы — симптомдар, яғни нышандар байқалады. Симптомдар негізгі (диагноз қою үшін маңызды) және жалпы (дімкәстік, т.б.) топқа жіктеледі. Ауруға тән симптомдар жиынтығы синдром деп аталады. Мысалы, анемия — синдр...
  • Ауру туа пайда болған және жүре пайда болған болып жіктеледі.
  • Аурудың даму барысы (ағымы) кезеңді.
  • 1. Жасырын кезең
  • Жасырын (латенттік, инкубациялық) кезең —  ауру туындататын әсердің басталу сәтінен аурудың алғашқы нышанына дейінгі мерзім. Ауруға тән бейне байқалмайды. Организм патологиялық фактордың әсерін тежейтін қорғаныс механизмдерін іске қосып, аурудың клини...
  • Компенсациялық-бейімделулік механизмдер белсенділігі жеткілікті болса, патологиялық фактор жойылса, ауру дамымайды.
  • Бұл механизмдер жеткіліксіз болса, аурудың даму барысы екінші кезеңге — продром кезеңіне ұласыды.
  • 2. Продром кезеңі
  • Аурудың продром (бастапқы нышан) кезеңі дімкәстік, әлсіздік, тез қалжырау сияқты алғашқы бейспецификалық нышандардан басталады. Бұл нышандар ОЖЖ қызметін реттейтін механизмдердің бұзылатынын көрсетеді.
  • 3. Айқын бейнелі кезең
  • Айқын бейнелі кезеңде сол ауруға тән симптомдар байқалады. Мысалы, қызылшаның даму мерзімі 8–10 тәулік болса, бөртпе сүзектікі — 13–16 тәулік. Аурудың біразының (сифилис, ЖИТС) мерзімі әрқилы.
  • Аурудың жедел (даму мерзімі тұрақты) және созылмалы (ұзақ ағымды) нысандары болады. Кейбір аурулар асқынып, қайталанады (рецидив).
  • Аяқталу кезеңі
  • Аурудың ақыры — одан толық немесе шала айығу немесе өлім.
  • 1. Толық айығу — организм әрекетінің толық қалпына келуі; организм қоршаған ортамен жаңа тепе-теңдік жағдай қалыптастырады..
  • Шала айығу — ауру бұзған әрекет, толық қалпына келмей, қалдық нышандар (мысалы, жөтел) байқалады. Шала айыққанда ауру қайталануы (рецидив) мүмкін. Рецидив, әдетте, патогенді тітіркендіргіш толық жойылмай, тек әлсіретілгенде дамиды.
  • Өлім организм патогенді фактордың әсеріне бейімделе алмаған жағдайда дамиды. Қайтымсыз өзгерістер орын алып, организмнің әрекеті толық тоқтайды. Өлімнің клиникалық және биологиялық түрлері бар.
  • Клиникалық өлім — қайтымды өлу үдерісі; тынысалу мен қанайналымы тоқтағанмен, мида заттар алмасуы біраз уақыт сақталып, 5–6 минут аралығында тіршілік әрекетін қайта жандандыру мүмкін болады. Көбіне клиникалық өлімнің алдында агония (грекше: agonia — ж...
  • Биологиялық өлім — өлу үдерісінің қайтымсыз кезеңі; алдымен мида, кейін басқа да органдарда заттар алмасуы (метаболизм) толық тоқтайды. Тіндерде тіршілікпен үйлеспейтін, қайтымсыз өзгерістер орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет