Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы



бет16/20
Дата08.04.2022
өлшемі314,86 Kb.
#30322
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Гиперосмостық гипогидратация судың электролиттерден басымырақ шығарылуы . Бүндай жағдай терең тыныстың жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан және қантсыз диабет т. б. кездерінде полиуриядан дамуы мүмкін. Бұл кезде жасуша сыртыңдағы сүйықтың көлемі азаяды, оның осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның сыртына ауысады. Жасушаның сусыздануы қатты шөлдеу сезімін шақырады, тіндік нәруыздардың ыдырауын күшейтеді, дене қызуын көтереді, кейде сана-сезімінің болмауына, кома дамуына әкеледі. Дененің құрғап кетуін болдырмау үшін гипогидратация кездерінде организмге сүйық енгізу қажет. Ол үшін организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық мөлшерін анықтау керек. Судың тапшылығы (СТ) мына өрнек бойынша аныкталады:

СТ = 0,6 Ө дене массасы (кг) Ө (1-140 : натрийдің қан плазмасын-

дағы деңгейі);

2. Ситуациялық есеп: Науқаста диффузды гломерулонефрит. Науқастағы ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз.

рН 7,23

рСО2 34 мм с.б.

SB 16,0 ммоль/л

АВ 13,0 ммоль/л

ВЕ - 11,0 ммоль/л

Зәрдің титрлік қышқылдығы: 8 мл сілтілер, (қалыптыда 70-100 мл/тәу)

Зәрдегі аммиак: 8 ммоль/л (қалыптыда 20-50 ммоль/л)


  1. Артериалық қанның рН мәнін айқындалу дәрежесіне қарай сипаттаңыз (теңгерілген, теңгерілмеген)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет