Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы



бет9/20
Дата08.04.2022
өлшемі314,86 Kb.
#30322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Билет- 7



  1. Организмнің су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері. «Сумен уыттану» туралы түсінік, себептері, даму жолдары. Шемен тұралы түсінік



Су мен электролиттер алмасуының өзгеруі көптеген ағзалар мен жүйелердің қызметтері өзгеруіне және өмірге қауіп төндіретін гомеостаздың қатты бұзылысы болып есептеледі.

Су мен электролиттер алмасуының барлық бұзылыстары екіге бөлінеді:

• организмнің сусыздануы (гипогидратация), оның ауыр түрі -

эксикоз;


• организмнің сулануы (гипергидратация). Олар өз алдына изосмостық (изотониялық), гипосмостық (гипото- ниялық) және гиперосмостық (гипертониялық) болып бөлінеді.

Осмостық белсенді заттардың мөлшерін судың көлеміне шағып есептеу қажет. Өйткені дене қызымы өзгеруіне қарай судың мөлшері де өзгеріп түрады және қан плазмасының 94%-на жуығы ғана судан түрады. Сол себептен осмостық белсенді заттардың мөлшерін осмо- лялдық деп белгілеп, 1 кг судағы миллиосмоль өлшемімен (мОсм/кгH.О) өлшейді. Қалыпты жағдайда тіндер мен қанның осмолялдығы 280-290 мОсм/кг суға тең болады.

Организмнің сулануы: судың сырттан көп түсуінен, суды сыртқа шығаратын бүйректің қызметі бүлінуден немесе осы екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал.

Гипергидратация изосмостық (изотониялык), гипосмостық (гипо-

тониялық), гиперосмостык (гипертониялық) болып ажыратылады.

Изосмостық гипергидратация сырттан изотониялық сұйықтарды емдік мақсатта тым артық енгізгеннен кейін қысқа мерзімде байқалуы мүмкін. Бұндай жағдай жиі ісінулер кездерінде байқалады (төменде келтірілді). Гипосмостык гипергидратация (сумен улану) организмге бірнеше кайталап көп су енгізуден дамиды. Сау жануарларға бір рет көп су енгізу елеулі өзгерістерге әкелмейді. Бірақ, су алмасуының реттелуі бұзылыстарында аз мөлшерде енгізілген судың өзі гипергидратация дамуына өкелуі мүмкін. Бүндай жағдай клиникада рефлекстік анурия және бүйрек қызметінің жеткіліксіздіктері кездерінде байқалады.

(Организмде су көп жиналуынан қан сүйылып кетеді. Қанның жалпы көлемі үлғаюымен қатар, онда нөруыздардың, электролиттердің, гемоглобиннің деңгейлері салыстырмалы түрде азаяды. Эритроциттердің ішіне көп су түсуінен олар еріп кетеді. Гемоглобиннің деңгейі қан сары суында көбейеді, ол несеппен шығарыла бастайды, гемоглобинурия дамиды. Гемоглобин бүйрек өзекшелерінде түнбаға ауысып, цилиндрлер құрылуына әкеліп, оларды бітеп қалады. Осыдан несеп шығарылуы төмендейді. Ми жасушалары ісініп кетуінен, бас сүйек ішінде қысым көтеріледі. Содан қатты бас ауыруы, жүрек айну, құсу, тырыспа-селкілдек ұстамалары, кома дамыш, организмнің өліміне әкелетін құбылыстар пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет