Тақырып 11. Жүйелілік және тізбектер
Мақсаты: Тізбектердегі заңдылықты таба білу дағдыларын қалыптастыру
Тақырып бойынша әмгіме
Мысалы:
11.1. Кейбір принциптерге сәйкес үш қорапта 0 ден 14 ке дейінгі сандар бөлінген.
Бірінші қорапта : 6, 0, 8, 3, 9;
Екінші қорапта: 1, 7, 11, 4, 14;
Үшінші қорапта: 2, 12, 5, 10, 13 сандары. Принциптерді анықтап келесі 15, 16, 17 сандарын қораптарға орналастыру керек.
Шешуі:
Бірінші қораптағы сандар қисық сызықпен сызылған сандар, ал
Екінші қорапта түзу сызықтармен сызылған сандар, ал
Үшінші қорапта әр түрлі сызықпен сызылан сандар жазылған.
Сонда 15, 16 сандары үшінші қорапта болады, ал 17 сандары екінші қорапта.
Есептер шығару № 11.1 - 11.8
Денені шынықтыру
Үй тапсырмасы: № 11.9 , 11.10
Қорытынды.
Алгаритм теориясы (2 сағат)
Тақырып 12. Алгаритм теориясы
Алгаритм құру арқылы шығарылатын есептер.
Негізгі мақсаты - дәстүрлі емес есептердің шығару жолын жүйелей білу; Математика пәніне қызығушылықты тәрбиелеу.
Тақырып бойынша әмгіме
Мысалы:
12.2. Үш кірпі салмағы 5 г, 8 г және 11 г үш тілім ірімшікті бөлді. Түлкі оларға көмектесе бастады. Түлкі кез келген екі тілімнен 1 г ірімшіктен жеп қоя алады. Түлкі кірпілерге үш бірдей ірімшіктен қалдыра алама?
Шешуі:
Түлкі бірінші 5 г және 11 г ірімшіктерден 1 г –нан үш рет кесіп алады. Сонда бір тілім 2 г және екі тілім 8 граммнан болады. Енді алты рет 8 г тілімдерден 1 граммнан жеп қояды.
Есептер шығару № 12.1. – 12.7.
Денені шынықтыру
Үй тапсырмасы: № 12.8.
Қорытынды.
Қиын жағдайлардағы бөлу (4 сағат)
Тақырып 13. Ауыстырып құю есептері.
Негізгі мақсаты - есеп шығаруда “ойлау реттілігін” құру, логикалық ойлау, кесте құру дағдысын дамыту.
Тақырып бойынша әмгіме
Мысалы:
13.1.. 5 литрлік және 3 литрлік шелекті пайдаланып, бөшкеден 4 литр су құйып ал.
Шешуі: