Павлодар қаласы Түсініктеме хат


Математикалық ребустар (6 сағат)



бет5/8
Дата22.12.2023
өлшемі204,5 Kb.
#142481
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Факультатив бағдарламасы “Математикалық логика”

Математикалық ребустар (6 сағат)

Тақырып 9. Сандық ребустар


Негізгі мақсаты – Сандық ребустарды шешу, сандар әріптермен ауыстырылған арифметикалық теңдікті шешу дағдысын қалыптастыру. оқушыларды әр түрлі есептеу жүйесімен таныстыру. Математика пәніне қызығушылықты тәрбиелеу.
Тақырып бойынша әмгіме
Есептеудің жазуын қалпына келтіруді математикалық ребустар дейді.Математикалық ребустардың шартында сандар әріптермен алмастырылған, бірдей әріптерге бірдей цифрлар сәйкес келеді, әр түрліәріптерге әр түрлі цифрлар сәйкес келеді.
Мысалы:
Жұлдыздарды тиісті цифрлармен алмастыр.
А)+ * * Ә) + * *
* * *
* * 8 * 9 8
Шешуі: А) Ребусты қарастырғанда бір таңбалы және екі таңбалы сандардың қосындысы үш таңбалы сан болатына назар аударамыз, сондықтан қосындының бірінші цифрі 1 болады. 1*2 саны ең үлкен екі таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы сандардың қосындысынан шығады. Екінші жағдай да ұқсас, қосындысы 198-ге тең. Қосылғыштар екі таңбалы сандар және ең үлкен екі таңбалы сан 99 болғандықтан, есептің шешуі 99+99=198 болады.

Есептер шығару № 9.1. – 9.4


Денені шынықтыру
Үй тапсырмасы: № 9.5.
Қорытынды.

  1. Комбинаторикалық есептер( 2 сағат)

Тақырып 10. Комбинаторикалық есептер


Негізгі мақсаты - оқушылардың комбинаторлық дағдысын дамыту.
Комбинаторлы есептер - қойылған шарттарға қанағаттандыратындай әр түрлі нұсқаларды таңдау. Математика пәніне қызығушылықты тәрбиелеу.
Тақырып бойынша әмгіме
Комбинаторика – математиканың қызықты бөлімі,мұнда берілген шартқа қанағаттандырылатын жиынның элементтерін таңдау және орналастыру есептері қарастырылады.
Мысалы:
3, 5, 7 цифрларын пайдаланып неше екі таңбалы сан жазуға болады?
Шешуі:
Сандарды өсу ретімен жазамыз: 33, 35, 37, 53, 55, 57, 73, 75, 77.
Есептер шығару № 10.1. – 10.8.
Денені шынықтыру
Үй тапсырмасы: № 10.9.
Қорытынды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет