Павлодар қаласы Түсініктеме хат



бет1/8
Дата13.03.2023
өлшемі169 Kb.
#73907
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
00010cd8-3ce58525


Дарынды балаларға арналан Абай атындағы №10 лицей мектебі

Бекітемін : Абилова Х.Ж. Тексерілді: Канапьянова К.Қ.


Мектеп директоры Ғылыми әдістемелік жұмыс меңгерушісі.
“Математикалық логика”
(факультатив бағдарламасы)
Құрастырған: математика пәні мұғалімі
Шахаева Динара Толеуовна

Павлодар қаласы


Түсініктеме хат


Аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат.


Математика – негізгі ғылымдардың бірі. Оның дұрыс зерттелуі тек қана санауға үйретпей логикалық ойлауға да үйретеді.


5-6 сыныпта оқыту, оқушылардың бейімделу кезеңіне байланысты қиындатылады. Оқушы жаңа мұғалімдерге, жаңа сабақтарға және де жаңа талаптарға бейімделеді. Әсіресе оқушыларда математика пәнінне көп қиындықтар туады. 5 сынып оқушыларының оқу жетістіктері таңдалған әдіске, тәсілдерге қолданылған мативация түріне тәуелді. Басқа негізгі проблема оқытуды дифференциалды тәсілмен қамтамасыз ету, қабілетті балаларды дамытуға жағдай жасау. Бірақ аталған проблемаларды шешуге жалғыз сабақ жеткіліксіз, сондықтан 5-6 сынып оқушыларына факультативті сабақтарға бағдарлама жасау қажеттілігі пайда болды.

“Математикалық логика” факультативті курсының бағдарламасы дарынды балаларды дамытуға, оқушылардың білімін тереңдетуге және танымдылық қызығушылығын артыруға бағытталған.


Бағдарламманың мазмұны 5 сынып математикасының мазмұнына сәйкес келеді. Бірақ сабақтардың нәтижесінде оқушылар күрделі есептерді және олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару дағдыларың қалыптастыруы керек.
Бағдарламмаға еңгізілген сұрақтар оқушыларды олимпиадаға және әр түрлі математикалық сайыстарға дайындауға мүмкіндік береді(Фарков А.В. “Математические олимпиады в школе” деген оқу әдістемелік құралдан алынған).
“Математикалық логика” факультативінде тор көзді қағазда қию есептерін шығаруға үлкен орын берілген (М.А. Екимова, Г.И. Кукин. “Задачи на разрезание”). Логикалық ойлау схемасын айқындайтындай, есептерді сұрақтармен немесе түсінік беру арифметикалық тәсілімен шешуге ұсынылған(Фарков А.В. “Математические кружки в школе”). Сондықтан “Математикалық логика” факультативінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері қалыптасатындай, логикалық заңдарды қолданып шығарылатын есептер қарастырылған.

Оқушылардың психофизиологиялық дамуына және сабақта оқушылардың шаршамауы үшін әр түрлі дене шынықтыру минуттары қарастырылған.


Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде барлық бұлшық еттер тобы жұмыс істейтіндей құрастырылған. Мұндай жаттығулар оқушылардың сабақта шаршамай, ақыл-ой қабілеттерінің сапасын көтеруге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет