Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет138/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   234
Байланысты:
Информатика

«Тінтуір» манипуляторы компьютермен пайдаланушының интерфейсін қамтамасыз ететін сілтеме енгізу құрылғыларының бірі.
Тінтуір – пайдаланушының экрандағы "саусағы". Оның әдетте екі батырмасы және құжатты тез айналдыру үшін дөңгелекшесі болады.
Шырт еткізу (Click) – қажетті элементтің шартбелгісіне апарып тінтуірдің сол (оң) жақ батырмасын бір рет тез басып қоя беру.
Тінтуірдің оң жақ батырмасын шырт еткізкенде экранға жанама-бағынышты (қосымша) мәзір шақырылады. Көбіне мынадай ереже қолданылады: «не істеуді білмесең оң батырманы бас». Сол туралы ұмытпаған жөн.
Екі рет шырт еткізу (Double click) – тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет қатарынан тез басу – «қағу». Екі рет шырт еткізу программаларды орындау үшін, терезеге (қапшыққа) кіру үшін қолданылады.
Екі рет шырт еткізудің жылдамдығын баптауға болады:

ПУСК Панель управления  Мышь ...
«Сүйрет және таста» (Drag-and-Drop) – сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тінтуірдің сол батырмасын басып, оны сол басулы күйінде сілтемені (элементпен қоса) қалаған орынға жеткізгеннен кейін қоя береміз.
Тінтуір CTRL, Shift ALT пернелерімен бірлесе жиі қолданылады. Бұл ретте, сол қолмен қажет пернені басыңыз, ал тінтуірмен жұмысты оң қолмен жасаңыз.

Кейбір жиі қолданылатын батырмалар және белгілер:
— есепші жоғарғы үшбұрыш санның мәнін бірге өсіреді – төменгісі азайтады;
↔↕ — терезелердің көлденең және тік өлшемдерін өзгерту;
немесе режім қосылды; керісінше немесе – режім үзіледі;
– құм сағаты – күту керек, жүйе бос емес; – амал мүмкін емес;
 – бағыт-үшбұрыш –атаудың оң жағында тұрса «таңдау бар» дегенді білдіреді, оны шырт еткізгіп ашылған тізімнен қажет әрекет таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет