Бөлек-бөлек мәтіндерді біріктіру – меңзерді, мәтінді қыстыратын жерге шертіп, Вставка Файл + оның атауын теру (немесе керек қапшықтан табу) Вставить – қыстырылып қойылған мәтін негізгі мәтіннің пішімімен үлгіленіп өзгереді, егер нөмірленген болса, онда ол қайта саналып, бүкіл біріккен мәтінге тарайды.
238
Жол басын жасау (красная строка) – жоғарғы сызғыштағы жоғарғы жүгірпені (бегунок) іліп алып оңға қарай керек қашықтыққа (әдетте 1 цифрына) жылжыту. Enter-ді басқан кезде, меңзер әрқашанда жылжу орнына – абзацтың басына барып отырады. Немесе абзацтың басында TAB пернесін басу.
Жолдың аяғында сөздерді буынмен тасымалдау режімін алып тастау немесе тапсыру – мәтіннің үзіндісін ерекшелеу және Сервис Язык Расстановка переносов Автоматическая расстановка переносов ОК шерту.
Колонтитулдар – бұл, беттердің жоғары немесе төменгі жағында қойылатын, қалың кітапты қарауды оңайлататын, белгіленген жазу немесе сурет. Әдетте жинақтағы мақаланың атауы, фирманың эмблемасы және т.б.
Кез келген мәтін сияқты колонтитулдар да пішімделеді, рамкаға алынады және т.б. Бір бетте қойылған колонтитул, құжаттың басқада барлық беттеріне немесе бөлімдеріне автоматты түрде қойылып шығады. Хаттарды, факстерді жасағанда, ашылған Колонтитулы тақтасындағы сәйкес батырмаларды шертіп, күнін және уақытын қыстырған дұрыс. Колонтитулы тақтасындағы күн және уақыт компьютердің таймерімен сәйкес автоматты өзгеріп отырады.