3.7. Парақтардың пішімі. Беттер Бет өлшемдерінің жоғарғы және сол жақтағы сызғыштарын көрсету – Вид Линейка. Содан кейін, экраннан төмен сол жақта «Режім разметки» батырмасын шерту немесе Разметка стра-ницы. Мәтінді өнгізу үшін, шекаралары және өрістері, т.б. көрсетілген, беттің ыңғайлы ұсынымы болады.
Беттің өлшемін тапсыру – Файл Параметры страницы Размер страницы (бумаги) пішімдер (форматтар) тізімінен таңдау. Ең белгілі формат ол – А4 (210 * 297 мм).
Беттің өз өлшемін жасау – Файл Параметры страницы және өрістердің, шекаралардың және т.б. керек өлшемдерін (см.) теру.
Кітаби пішімнен альбомдыға ауысу (ені кең кестелер, графиктер үшін – бетті бүйірімен бұру) – Файл Параметры страницы Размер бумаги Книжная (Альбомная).
Беттің өрістерін өзгерту (жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақ) – беттің жұмыс өрісінде, сол жақ сызғышытың жоғарғы (төменгі) шекарасына (көкшіл-сұр түсті) тінтуірмен жақындағанда мына ↨ сілтеме пайда болады, онымен сол шекараны іліп алып керек жерге жылжытылады. Жоғарғы сызғышта да беттің шекарасын ↔ сілтемемен іліп алып керек жерге сүретіп қойылады.
Бұл амал мәтіннің барлық беттеріне жайылады, егер Файл Параметры страницы Применить Ко всему документу режіміқойылса.
НемесеФайл Параметры страницы Поля, өрістердің керекті өлшемдері (см.) қойылады. Әдетте 2-3 см ұсынылады.