Ұяшықтағы мәтіннің бағытын өзгерту – керек ұяшыққа тінтуірдің оң батырмасын шерту Направление текста мәтіннің керек бағытын таңдау ОК.
Ұяшықтағы мәтінді туралау – керек ұяшыққа тінтуірдің оң батырмасын шерту Выравнивание в ячейке ... қажет пішімдеуді таңдау (сәйкес батырманы шерту).
Кестедегі деректерді іріктеу–алфавит бойынша, нөмірлер бойынша, т.с.с. – Таблица Сортировка, іріктелетін бағанды, іріктеу ережесін (мысалы, кемуі бойынша – По убыванию) таңдау ОК.
Кестені екі бетте орналастыру үшін, оны екі бөлікке айыру қажеттілігі, жиі болады. Ол үшін, айыруды кірістіретін жолдың алдындағы жолды ерекшелеп алып, Таблица Разбить таблицу әрекеттерін орындау керек.
Дайын үлгілер бойынша әдемі кестені жасау – кестенің кез келген жерін шертіп, Таблица Автоформат, шыққан тізімді карап ұнағанды таңдау ОК. Мұндай кестелерді де, әдеттегідей әдістермен, яғни кеңейтуге, тарылтуға және басқадай түзетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |