Парақты ішіндегісімен бірге көшіру – Ctrl пернесін басып,
керекті Парақтыңатауыніліп алып, тізімдегі жаңа орынға апару керек – нәтижесінде парақ, сол атаудың атын алады.
Парақтың басына өту: Ctrl + Home
259
Парақтың аяғына өту: Ctrl + End – ақпараты бар, соңғы ұяшыққа түсеміз. Немесе Ctrl – Парақтың соңғы жолына, яғни № 65536 жолына түсеміз.
Парақтың оң жақ бұрышына бару: Ctrl . Соңғы IV бағанына түсеміз.
4.3.3. Ұяшық Ұяшық – кестенің жеке элементі, бағана мен жолдың қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, ол бағана атауы мен жол нөмірі. Мысалы: A1, B7, C12, BK43.
Ағымды ұяшықтың адресі (координаталары) формулалар жолының сол жағындағы терезеде пайда болып отырады. Бір ұяшықтан екінші ұяшыққа өту үшін, меңзерді басқару пернелері және TAB пернесі қолданылады немесе басқа ұяшықты шертсе болғаны. Ұяшыққаенгізілетін деректер типі: мәтін, сан (барлық түрлері),формула, мерзім.