2х=N
бұл көрсеткіштік теңдеудің математикалық шешімінің түрі:
x = log2 N
Егер N екінің бүтін дережелеріне 2, 4, 8, 16, 32, т.с.с. тең болса, онда бұл теңдеуді ойша шығаруға болады. Ал егер, басқаша болса, онда ақпарат саны бүтін шама болмай қалады да логармфмдер кестесін қолдануға тура келеді.
1– мысал. Жеребеге тиынды лақтырғанда нәтижесі «герб» түскені туралы хабар 1 бит ақпарат әкеледі. Себебі, оқиғаның мүмкін болу саны 2-ге тең («герб» немесе «сан») және екеуі де теңықтималды.
Демек, нәтиже саны 2х = 2 теңдеуін шешкенде, х = 1 бит деп шығады.
Қорытынды: Барлық жағдайда екі теңықтималды оқиғаның біреуінің болғаны туралы хабарда 1 бит ақпарат болады.
2– мысал. Лотерея барабанында 32 шар бар. Бірінші шыққан нөмір (мысалы, 15 нөмір) туралы хабарда қанша ақпарат бар?
32 шарлардың ішінен кез келген шарды шығару тең ықтималды болғандықтан, шыққан бір нөмір туралы ақпарат көлемі мына теңдеумен табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |