§2. Дербес компьютер
Жоспар
2.1. Компьютердің құрамы.
2.2. Процесссордың негізгі сипаттамалары.
2.3. Негізгі ішкі жады.
2.4. Сыртқы жады.
2.1. Компьютердің құрамы
Компьютерлік ресурс – деп, процесссорлық уақытты,
жадының барлық түрлерін, енгізу/шығару құрылғыларын, программаларды және деректерді айтады.
Дербес компьютердің барлық құрылғыларының жиыны аппаратты жасақтама (hardware) деп аталады, олар:
жүйелік блок – ішінде: аналық тақша процесссор, жедел жады (RAM), бейнетақша, дыбыстық тақша (Sound bluster) және сыртқы жады құрылғылары орналасады;
сыртқы жады құрылғылары – қатты магниттік диск
(HDD), лазерлік оқу (CD–ROM) және оқу/жазу (CDRW) компакт-дискілері және олардың дискқозғағыштары;
енгізу-шығару құрылғылары – монитор, принтер, тінтуір
(Mouse), модем және көптеген басқа сыртқы құрылғылар.
Аналық тақша (ағылш. motherboard, MB) – бұл күрделі көп қабатты (орысша многослойная) баспа (орысша печатная) тақшасы. Оның үстінде дербес компьютердің негізгі құрамдастары: орталық процесссор, жедел жады (RAM) және оның контроллері, жүктеуші тұрақты жады (ROM), КЭШ жады, бейнекарта, дыбыстық карта, енгізу-шығару интерфейс контроллерлері орналастырылады.
2.5-сурет. ATX стандартты аналық тақша (MSI K7T266 Pro2 моделі)
Сонымен қатар, аналық тақшада қосымша контроллерлерді қосуға арналған қосқыштар (слоттар) орналасады, оларды қосу үшін, әдетте, USB, PCI и PCI-Express шиналары қолданылады.
Аналық тақшаның негізгі құрамдастары:
орталық процесссор;
түрақты (ROM) және жедел (RAM) жады, кэш-жады;
шиналардың интерфейстік схемалары;
кеңейту ұяшықтары (орысша гнезда);
міндетті жүйелік енгіз-шығару құралдары және басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |