2.2. Процессордың негізгі сипаттамалары
Процессор (CPU – cenral processung unit) – арифметикалық және логикалық амалдарды орындайтын, сонымен қатар, компьютердің барлық құрылғыларына басқарушы сигналдарын қалыптастыратын, ең негізгі құрылғы.
Демек, ол программалардың командаларын орындайтын және компьютердің кұрылғыларының жұмысын үйлестіретін, басқаратын компьютердің ең басты мүшесі болып табылады.
Микропроцесссордың кәдімгі түрі интегралдық (біріктірілген) схема – тік бұрышты, ауданы бар-жоғы бірнеше шаршы миллиметр, жұқа кристалдық кремний пластинкасы, оның үстінде процесссордың барлық қызметін іске асыратын схемалар орналасқан.
Кристалдық пластинка әдетте жалпақ пластмасса немесе керамика қорапқа салынады және оның арнайы алтын сымшалары, жүйелік блокпен қосуға арналған, темір үшкірлермен (орысша штырьки) жалғанады.
2.6-сурет. Intel Celeron 1100 Socket 370, FC-PGA2 корпусында, астыңғы жағынан.
Достарыңызбен бөлісу: |