Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет116/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   234
Байланысты:
Информатика

ОЖ жүктеу үрдісі
ОЖ файлдары әдетте қатты дискіде тұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖ орындалатын программасы жүктеледі. ОЖ барлық файлдары қатарынан жедел жадыда түруы мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады.
Компьютер жұмыс жасау үшін, жедел жадыда міндетті түрде негіздік модуль, командалық процессор, қосылған құрылғылардың драйверлері тұруы қажет.

184

Графикалық интерфейстің модульдері пайдаланушының ықтиярымен жүктелуі мүмкін. Windows жүйесінің жүктелу нұсқалары, мәзір түрінде таңдалады.
Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеуші программа (загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеуші және компьютерді тестілеу программалары, компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды.
Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынан кішкентай жүктеуші программаны іздейді де, ол программаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.
Одан әрі, дискіден ОЖ негіздік модулін іздейді және жедел жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.
Негіздік модульдің құрамына кіретін басты жүктеуші, ОЖ басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді.
Бұл процедура, әрдайым компьютердің қоректену блогын қосқан сайын орындалады (орысша “холодный" старт).
Көбінесе қайтадан жүктелу процедурасы (Reset пернесі басылғанда) жиі қолданылады, бірақ бұл жағдайда компьютердің құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысшагорячий” старт).
ОЖ жүктелуі аяқталған соң, басқару командалық процессорға беріледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет