Бас ПУСК мәзірінен немесе оның бөлімінен жарлықты жою. Пуск мәзірін немесе оның бөлімін ашып, керек емес жарлықты тінтуірдің оң батырмасымен сырт еткізу Удалить.
Немесе ПУСК Настройка Панель задач Настройка меню Удалитъ, мәзірдегі керек бөлімді табу (мысалы Стандартные), жойылатын жарлықтың атауын сырт еткізіп Удалить Да. Осылай дәйекті түрде бірнеше жарлықтарды (қапшықтарды) жоюға болады. Одан соң Закрыть ОК немесе батырмасымен жабу.
Кез келген қапшықта жарлықтармен жұмыс дәл осы Жұмыс столындағыдай жүреді.
Жұмыс столына А:, С:, D: дискілерінің жарлықтарын қосу – Мой компъютер жүйелік қапшығын ашу, керек дискінің белгісін іліп алып, Жұмыс столына жылжытып апару Да. Бұл, тікелей Жұмыс столынан керек дискіге тез кіруді қамтамасыз етеді.
2.4.3 Қоржын. Файлдарды және қапшықтарды жою Қоржын (Корзина) – жұмыс үрдісінде, жойылған барлық
файлдардың (қапшықтардың) уақытша сақталатын орыны. Бірақ, барлық жойылған файлдар дискіден алынып тасталмайды және өзіңіз оны тазартқанға дейін Қоржында қалады (дискілік кеңістікті алып тұрады). Қоржынның қасиеті ол, әлдеқалай лақтырылған, бірақ онан соң керек болып қалған файлдарды, қапшықтарды қайтадан қалпына келтіруге болады.
Файлды (файлдар тобын, қапшықты) Қоржынға салу (удалить)
– оларды белгілеу, Файл Удалитъ. Немесе DEL пернесін басу. Немесе файлды (файлдар тобын, қапшықты) оң батырмамен сырт еткізу және Удалить командасын таңдау.
Қоржынға алыстатылған файл Сіз үшін жоғала қоймауы мүмкін. Оны басқа біреу, не өзіңіз Қоржынды тазартпай түрғанда, алуға болады.
Егер файл жойылған кезде Қоржынға түспесе – оң батырмамен Қоржынды сырт еткізу Свойства мәзірдегі Уничтожать файлы сразу после удаления пунктіндегі қанатшаны алып тастау керек.
Қоржынға түсірмей файлды біржола жою – файлды сырт еткізіп, Shift + DEL батырмаларын басу.
Достарыңызбен бөлісу: |