Жұмыс столындағы жарлықты жою – оны оң батырманы шырт еткізу Удалитъ Да. Немесе оның жарлығын сырт еткізіп DEL батырмасын басу Да.
Жарлықтың атауын өзгерту – жарлықты оң батырмамен шырт еткізу Переименовать, жаңа атауды теріп, Enter батырмасын басу немесе бос жерде сырт еткізу.
Жарлықтың белгісін ауыстыру – сол жарлықты оң батырмамен шырт еткізу Свойства Программа Сменить значок, жаңа белгіні таңдап алу (оны сырт еткізу) ОК ОК.
Windows ортасына бейімделген Word, Excel және т.б. «туыс» программалары үшін белгілерді өзгертуге болмайды.
Тікелей Бас мәзірге жарлықты кірістіру – Жұмыс столынан немесе қапшықтан керек жарлықты тінтуірмен іліп алып, ПУСК батырмасына сүйреп апарып, соның үстіне түсіру керек. ПУСК-ті басқанда, жарлық мәзірдің жоғарғы жағында орналасқанын көреміз.
Бас ПУСК мәзірінің қандай болмасын бөліміне жарлықты қосу. Жұмыс столында немесе қайсыбір қапшықта тұрған керек жарлықты, жәй іліп алып, ПУСК батырмасына жылжытып апарып, мәзірдің керек бөліміне, (мысалы Автозагрузка) түсіру керек. Жарлық таңдалған бөлімде көрсетіледі.
Немесе: ПУСК Настройка Панель задач Настройка меню Добавитъ, Обзор және керек программаны табу, Далее, жарлықты қоятын мәзір бөлімін таңдау (мысалы Стандартные
213
мәзіріне), шақырылатын программаның атауын теру, Далее, жарлықтың белгісін таңдап және оны сырт еткізу, Готово Далее
Готово ОК.
Шақырылатын программаның жарлығы (белгісі және атауы) сол таңдалған бөлімде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |