2.7 Windows жүйесінде пернелер тіркесін қолдану
Пернелер тіркесі (синонимдері: ыстық перне, тез кіру пернесі, тез шақыру пернесі) – компьютермен әрекеттестік интерфейсінің бір түрі, пернетақтада командалар (амалдар) тағайындалған, пернелерін (немесе олардың тіркесін) басу.
Бірнеше пернелердің басылуы қатар орындалуы керек. Пернелер тіркесін қолдану, бір пернеге бірден артық әрекеттерді тағайындауға мүмкіндік береді.
Модификатор (түрлендіргіш) пернелері
Пернетақтада осындай пернелердің ұқсасы (аналогы) Ctrl, Alt, Shift және Windows пернелері болады, оларды көбінесе модификатор пернелелі деп атайды.
217
Яғни, бір пернеге сегізге дейін әртүрлі командаларды «іліп» қоюға болады:
Delete-нің модификаторларынсыз белгілі пернені басу;
Ctrl + перне — Ctrl + Delete;
Alt + перне — Alt + Delete;
Shift + перне — Shift + Delete;
Ctrl + Shift + перне — Ctrl + Shift + Delete;
Ctrl + Alt + перне — Ctrl + Alt + Delete;
Alt + Shift + перне — Alt + Shift + Delete;
Ctrl + Alt + Shift + перне — Ctrl + Alt + Shift + Delete.
3.4-сурет IBM/Windows-ң компьютерлік пернетақтасы
Мысал ретінде Ctrl + Alt + Delete пернелер тіркесін қарастырайық.
Пернелерді бәрін бірден қатар, яғни аккорд түрінде баспау, керек. Алдымен Ctrl және Alt пернелерін басып тұрып және оларды жібермей Delete пернесі басылады.
Delete пернесін басу сәтінде, басулы тұрған Ctrl және Alt пернелері, Delete пернесінің әрекетін модификациялайды. Яғни, Delete пернесі басылған кезде, оның негізгі әрекеті емес (сол жақтағы символды немесе белгіленген объектіні жою), одан басқа «түрленгеннің» біреуі, Windows XP-ң қосымшасы Есептер диспетчері (taskmgr.exe.) шақырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |