3.3-сурет. Буфер арқылы ақпарат алмасу схемасы
Буфердің мазмұнын көру – Пуск → Программы → Стандартные → Служебные → Буфер обмена. Экранға буфердің мазмұны шығарылады.
Барлық программалар (Pbrush, PowerPoint, Word, Excel және т.б.) өзара байланысқан. Шынында кейбір нәрселерді Excel-де (мысалы әдемі өңделген есептелетін кестелерді, диаграммаларды және т.б.), Pbrush-та тездетіп суреттерді салуға, анимацияны – Power Point-та, Corel Draw графикалық редакторында фирманың логотипін, кітаптың әдемі мұқабасын, т.с.с. жасаған ыңғайлы. Және де осылардың бәрін бір құжатта байланыстыруға болады. Алмасу буфері осы программалардың арасындағы дәнекері болып табылады. Тек қана, бір қосымшадағы (мысалы Excel-де) қажет объектіні белгілеп, Алмасу буферіне көшірмесін жіберіп, басқа қосымшаға (мысалы Word-қа) ауысып, Алмасу буферінен сол ақпарат кіріктіру командасымен қойса болғаны.
Яғни, Excel-де санаймыз, Word-та мәтінін тереміз, Corel Draw-та әшекейлейміз, бәрін PowerPoint-қа қойып «тірілтеміз», баспаға шығарамыз немесе электронды поштамен жібереміз.