«Веб документ» режімі: – құжаттардың беттерінің белгілеуін (разметка страницы) өзгертеді, әріптері үлкейеді, мәтіннің терезедегі түрі принтерге шығарылған түріне сәйкес келмейді. Бұл режім интернет құжаттарын дайындауға арналған. Қою тәртібі: Вид Веб документ.
Керек тақтаны экранға қою – Вид Панели инструментов шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы «Таблицы и границы» қасына қанатша қойса болғаны.
Керек емес тақтаны экраннан алып тастау – сол әрекеттер тәртібі қайталанады, бірақ қанатша белгілерін алып тастаса болғаны.
Басқару тақтасына жаңа белгілерді кірістіру – (мысалы, Х2, Х2 жоғарғы және төменгі индекстердің белгілерін) – Сервис Настройка Команды, Формат категориясынан керек белгіні таңдағаннан кейін, оны тінтуірмен тақтаға сүйреп апару керек, бірақ осы кезде сілтемеде “+” пайда болуын қадағалау қажет. Бұл қойылатын белгінің тақтаға түсетінін көрсетеді.