Бар құжатты (файлды) шақыру (ашу) – Файл Открыть, дискілерде, қапшықтарда тұрған керек файлды тауып, оның атауын екі рет сырт еткізу. Немесе тақтадағы «Открыть»батырмасын шертіп Открытие файла терезесінен ... .керек қапшықтан файлды табу.
WORD-та жасалған құжаттардың (файлдардың) типі .DOC. Егерде ашылып жатқан құжат басқа редакторда жасалған болса, мысалы Word-Perfect-те, онда Тип файла опциясында керек типті таңдау керек. Барлық ашылған құжаттар Окно мәзіріне барып түседі.
Жақында жасалған құжатты ашу. Ашылатын құжатпен жақында жұмыс жасаған болсаңыз, оны қапшықтардан іздемес бұрын, тақтадағы Файлмәзірін шертіп, оның төменгі жақ бөлігіне қараңыз – ол жерге жақында өңделген құжаттарға (файлдардарға) баратын жолдар енгізулі тұрады (ең жоғарғысы – соңғы құжат), керегін шертесіз.
Мұндай файлдар санын тапсырып қоюға болады: Сервис Параметры Общие бетбелгісінде Помнить список из опциясында қанатша белгісі және Файл мәзіріне түсетін құжаттардың керек саны қойылады.