Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет161/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   234
Байланысты:
Информатика

3.5. Мәтінмен жұмыс жасау

3.5.1. Мәтін бойы жылжу. Жылдам пернелер
Мәтінді енгізу, жыпылықтаған тік сызық – маркер тұрған жерден басталады. Жаңа жолға өту, алдыңғы жол толған кезде автоматты түрде жүреді.
Енгізу үшін, керек символға тура жету үшін – оның алдында тінтуірмен шерту керек. Немесе меңзерді жылжыту пернелерін  

Page Up Page Down қолдану.

Меңзерді құжаттың аймағында жылжыту үшін, келесі пернелер тіркесі қолданылады:




Home

ағымды жолдың басына

End

ағымды жолдың соңына

Ctrl +

бір абзац алға

Ctrl +

бір абзац артқа

Ctrl +

бір сөз алға

Ctrl +

бір сөз артқа

Ctrl + Home

құжаттың басына

Ctrl + End

құжаттың соңына

Page Up

экран бойы жоғары

Page Down

экран бойы төмен


Тік айналдыру жолағын қолдану
Құжатты тез айналдыру үшін, жылжытпаны (ползунок) сүйреңіз.
Құжатты бір жол бойы артқа/алға айналдыру үшін, жылжытпаның жоғарғы/төменгі тілін (стрелка) басыңыз.
3.5.2. Мәтінді ерекшелеу. Жылдам пернелер
Құжаттың үзінділерін ерекшелеу, мәтіннің басқа аймағына тәуелсіз, тек қана соларды пішімдеуге қажет.
Жаңадан ерекшелеу ескіні алып тастайды. Мәтіннің әртүрлі бөліктері бір мезгілде ерекшеленбейді.
Мәтіннің элементтерін ерекшелеу үшін, Ctrl, Shift, End, Home пернелерінің тіркестерімен қатар тінтуірдің шертуін қолдануға болады.


Сөзді ерекшелеу

Сөзді екі рет шерту

Абзацты ерекшелеу

Абзацтың ішінде үш рет шерту

Сөйлемді ерекшелеу

Ctrl+сөйлемнің кез кеген сөзін шерту

Жолды

(жолдарды)

Shift + /

ерекшелеу







Бұкіл құжатты ерекшелеу

Ctrl + 5 немесе Ctrl + A (лат)

Жолдың соңына дейін

Shift + End

233





Жолдың басына дейін




Shift + Home

Құжаттың

соңына

дейін

Shift + Ctrl + End

ерекшелеу










Құжаттың

басына

дейін

Shift + Ctrl + Home

ерекшелеу










Барлық ерекшеленуді алып

Құжаттың бос жерін (оң жағында)

тастау







шерту

3.5.3. Мәтінді түзеу және туралау

Сөзді (символды, мәтіннің үзіндісін) табуПравкаНайти

ізделіп отырғанды теру  Найти далее.


Сөзді ауыстыруПравкаЗаменить  шыққан диалогтық терезенің «Найти» жолында ауыстырылатын, «Заменить на» жолында соны ауыстыратын сөздерді теріп, (мысалы руб сөзін тенге сөзіне)  Найти далееЗаменить батырмаларын басу.


Ctrl + f немесе а (орысш)

Табу (Найти)

Ctrl + h или р (рус)

Ауыстыру (Заменить)

Shift + F7

Синонимдер

F7

Жазу ережесі (Правописание)


Мәтінді туралау

Мәтінді беттің сол жақ шетіне қарай, ортаға келтіру,




беттің оң жақ шетіне қарай туралау, ені мен бойын туралау әрекеттері – алдымен мәтінді ерекшелепФорматирование тақтасында орналасқан: «По левому краю», «По центру», «По правому краю», «По ширине» сәйкес батырмалардың біреуін басумен орындалады.


Барлық әріптерді ҮЛКЕН жасау, кішкентай әріптерді ҮЛКЕНГЕ немесе кері ауыстыру және т.б. – ФорматРегистр...
Дұрыс болмаған әрекеттерді кері қайтару

Редакциялау кезінде бір қадам артқа (алға) қайту
«Стандартная» тақтасындағы дөңгелек тілді «Отменить» батырмасын шерту. Бұл, мысалы, мәтінде кездейсоқта бір нәрсені бүлдіріп алсаңыз, сол әрекетті кері қайтаруға пайдалы. Бұл батырманы біртіндеп басу арқылы, артқа қарай көп қадамды қайтаруға болады.
Немесе сол батырманың қасындағы: тілді басып, шыққан тізімнен қайтарылатын қадамды таңдау керек. Дәл осылай, бірақ дөңгелек тілді «Вернуть» батырмасымен алға қарай жүруге болады.
Мәтінді қарау масштабы

10% - 200% ... – экранда мәтінді қарау масштабтары –


керегі шертіледі. Немесе Вид  Масштаб.... 75% ұсынылады –


234

онда экрандағы мәтіннің масштабы, қағаздағыдай дерлік және баспаға шығарылатын түрінде көрінеді. Қарау масштабының өзгеруін, мәтіннің өз көлемінің өзгеруімен шатастырмау керек.
3.5.4. Құжаттың үзінділерін көшірмелеу, орнын ауыстыру Үзіндіні мәтіннің басқа жеріне апару – оны ерекшелеп,
«Вырезать» (қиып буферге жіберетін) батырмасын шерту, меңзерді керек жерге қойып, «Вставить» (буферден қоятын) батырмасын шерту, немесе Shift + Insert тіркесін басу.
Немесе ерекшеленген мәтінді тінтуірмен іліп алып оны сүйретіп керек жерге апарып қою.
Ерекшеленген үзіндінінің көшірмесін алу – мәтінді ерекшелеп, «Копировать» батырмасымен немесе – Ctrl+Insert тіркесімен Алмасу буферіне оның көшірмесін жіберу, онан соң, меңзермен көшірме орынына тұрып, «Вставить» батырмасын басу немесе Ctrl + Insert тіркесін басу.
Немесе Ctrl пернесін басып түрып, ерекшеленген мәтінді кез келген жерінен тінтуірмен іліп алып оны сүйретіп керек жерге апарып қою.
Бір құжаттың мәтін бөлігін басқа құжатқа апару (көшіру)

екі құжатты да ашу (ФайлОткрыть…). Бір құжаттағы керек үзіндіні ерекшелеп, Алмасу буферіне көшіру («Вырезать» немесе «Копировать батырмалары). Окно мәзірі арқылы екінші құжатқа кіріп, меңзермен мәтінді кірістіретін орынға түрып, «Вставить» батырмасын басу.


Немесе екі құжатты экранға қатарынан шығару– ОкноУпо-рядочить все. Бір құжаттағы керек үзіндіні ерекшелеп, оны іліп алып, екінші құжаттың кіріктіру орнына сүйреп апарып қою керек.
Үзіндінің пішімін (форматын) көшіру – мәтіннің бір үзіндісіне екіші ұзідінің қасиеттерін (шрифттің өлшемі, түсі, жиектеудің түсі, құю және т.б.) беру тәртібі: – түпнұсқаны ерекшелеу «Копировать формат» батырмасын шерту (тінтуірдің сілтемесі «сібірткі» түріне айналады), сібірткімен түпнұсқаның
қасиетін қабылдайтын үзіндіні ерекшелеу.
3.6. Шрифттер
Шрифт (немісше Schriftschreiben–жазу) – өлшемі және суреті белгілі символдар жиыны, біртұтас композициялық және стилистикалық жүйені құрайтын, белгілер және әріптер кескіндерінің графикалық суреті.
Шрифттердің негізгі сипаттамалары:

кескіні (начертание) тік, курсивті;

235



түс қанықтығы: ашық, жартылай қалың, қалың (шрифт қалыңдығы мен әріп аралық саңылаудың еніне қатынасы)
ені: қалыпты (нормальный), енсіз (узкий), енді (широкий), ені белгіленген (фиксированное) шрифт1;

өлшемі (кегль) пунктпен (1 пункт = 1/72 дюйм =0.3528 мм.);
гарнитура – безендіруі және мәнері тұтас, бірдей кескінді, кегльдері және түрлері әртүрлі шрифттер тобы.
Гарнитураларды екі негізгі категорияларға бөлуге болады: кертікті (орысша с засечками) және кертіксіз (орысша без засечек – гротеск2). Кертіктер ол, әріптер штрихтерінің ұштарындағы кішкентай элементтері.
Қазіргі кезде 50000 - нан астам шрифтер бар екені белгілі. Шрифтер жиынына әріптер, цифрлардан басқа, әртүрлі жануарлардың және құстардың, зодиак, Windows батырмаларының түрлері және көптеген т.б. белгілері жатады.
Егер құжат мәтіні түсініксіз кодпен ашылса, онда Сіздің компьютеріңізде сол құжатты терген шрифттердің қойылмағаны.
Бұл шрифттерді қосып қоюға болады – ПУСКНастройка Панель управленияШрифтыФайлУстановить шрифт
(«қайда» қапшықты таңдау және «қандай» шрифттерді алуды белгілеу).
Орыс (Қазақ) шрифтерінен латынға және керісінше ауысу – сол жақтағы CTRL + Shift пернелерін қатарынан басу ( кейде сол жақтағы Shift+Alt). Немесе Есептер қатарындағы En немесе Ru шертіп керегін таңдау.
Қазақ шрифтінің батырмасын (КК) Есептер тақтасына қосу

ПускПанель управления Языки и региональные стандарты диалогты терезесінен Языки бетбелгісін таңдап, Подробнее Добавить  Добавление языка ввода терезесіндегі Язык ввода жолындағы көрсеткіні басып шыққан тізімнен Казахская таңдапОК.


En және Ru (КК) батырмаларын көрсету үшін ПУСК НастройкаПанели инструментовКлавиатураЯзык Вывести индикатор .
Орыс шрифттері үшін: «нүкте .» – / пернесі, «үтір ,» – Shift + ?, “қос нүкте :” – Shift+6, “нүктелі үтір ;” – Shift + 4, “сұрақ белгісі ?” –

Shift + 7.


Бір енді (моноширинный) шрифт —бұл, барлық белгілерінің ендері бірдей шрифт (дәлірек, белгілердің кегльдік алаңшасының ендері). Программалаушылар, әдетте бастапқы кодтты осындай шрифттермен редакциялауды ұнатады.
Шабылған (рубленый) шрифт (гротеск, ағыл . sans serif, амер. gothic type) кертіксіз шрифт.

236



8...72 – шрифтердің өлшемі. Көбінесе ұсынылатыны 12–14.

Шрифт көлемі пунктпен (пт.) көрсетіледі.


Тізімде жоқ, бірақ өзіңізге керек шрифттің өлшемін жасау (мысалы, плакаттар және транспаранттар үшін өте үлкен өлшем) – ФорматШрифт  Размер: жолында керек өлшемді теру (1-1638) ОК.
Немесе Форматирование тақтасында шрифт өлшемін шертіп, тура сол терезешікте өзіңізге керек шрифттің өлшемін теру  Enter басу. Әрине, шрифттің үлкен өлшемі үшін, сәйкес қағаз табағына тапсырыс беру қажет (ФайлПараметры страницыРазмер бумаги...).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет