4.8.1. Диаграмма құру арқылы бюджетті есептеу және сараптау мысалы Адамдардың немесе ұжымның қай-қайсысының болсын, бюджеті кірістен және шығыстан құралатыны белгілі. Бюджетті талдау дегеніміз, қалдықтарды, кірістерді, шығындарды, жиналған қорды және т.б. есептеулерден тұрады. Фирманың іс әрекеті туралы көптеген цифрлық көрсеткіштер болса да, пайда өсіп келе ме немесе керісінше төмендеуде ме, келешекке қандай болжам бар деген қарапайым нәрселерді бақылау қиындай бастайды.
Фирманың есептік және сапалық іс әрекетін қалай бағалауға болады?
266
Адамның ойлауы цифрлық деректерден гөрі графикалық бейнені қабылдауға бейім екені белгілі. Сондықтан, жұмыстың сапасын бағалаудың ең қарпайым әдісі – жұмыстың көрсеткішін (шексіз цифрлар бағандарының орнына) диаграмма (график) түрінде көрсету.
3.8-сурет
Компьютерге тек қана өз деректеріңіздің кестесін енгізсеңіз болғаны, қалғанын Excel өзі санап береді.
Өз деректеріңізбен кестенің В2-ден С13-ке дейінгі ұяшықтарын толтырыңыз. Бұл ұжымның жылдық көрсеткіші. Dl– G1 ұяшықтарына тақырыптардың мәтіндерін енгізіңіз. Кіріс (доход) және шығыс (расход) бағандарының айырмасы – қалдық (остаток), оң қалдықтар – ол пайда (прибыль), теріс қалдықтар – ол шығын (убытки) және үдемелі қалдықтар – жиналған қор (накопления) (3.8 сурет).