Фирманың болашағын қарастырайық.Математикада бұл
«трендты бағалау» дейді. Тінтуірдің оң батырмасымен графиктің кез келген нүктесін шертіп, Добавить линию тренда Линейный Параметры, Прогноз Вперед на жолында, 6 кезең (период) деп тапсырыс береміз (яғни, 6 айға), Показывать уравнение на диаграмметерезесінде қанатша қоямыз ОК.
3.9-сурет
268
Қорланудың әдемі өсу диаграммасын және үдемелі өсу сызық түрінде келесі 6 айға беталысты көреміз. Ұжымның іс әрекетінің сапасын бағалауға математик болудың да қажеті жоқ. Тренд сызығының теңдеуі бойынша сандық өзгерістер көрсеткіштерінің болашағын бағалауға болады: бірінші коэффициент сызықтың қисаю бұрышын көрсететіні белгілі, егер ол оң болса, онда пайданың өсуге беталысы бар, ал егер теріс болса, онда келешек ұнамсыз – пайданың төмендеуін күтіңіз.
Енді графикті әдемілеңіз, ол үшін тінтуірдің оң батырмасымен графиктің сәтсіздеу жерлерін шертіп, түзетіп дәлдеуге болады.
Мысалы, графиктің сұр реңін шертіп, одан соң Формат области построения Заливка Белая ОК. Алынған программаны фирманың алдында жасаған іс әрекетін талдауға ғана емес, сонымен қатар, оның іс әрекетінің келешегін жоспарлауға да қолдануға болады.
3.10-сурет
Мысалы, маусымда 120 емес, 320 бірлік жұмсауға рұқсат етілді делік. Енді С7 ұяшығына 320 санын енгізсек, қарыздың пайда болғанын және келешекте банкротқа ұшырау мүмкіндігін – графикте қорлану сызығының сенімді төменге қарай құлдырауын көреміз 3.10-сурет.