Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет225/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   234
Байланысты:
Информатика

6.3. Интернет
Интернет (айтылуы [интэрнэт]; ағылш. Internet, Interconnected сөзінен қысқарт. Networks— біріктірілген желілер) — ақпараттық және есептеуші ресурстардың ғаламдық телекоммуникациялық желісі.
Интернет Әлемдік тордың нақтылы негізі болып қызмет етеді.

Бүкіләлемдік желі, Ғаламдық желі немесе жәй Желі деп жиі аталады.
Қазіргі кезде, күнделікті тұрмыста «Интернет» дегенде, нақты желінің өзі емес, Әлемдік тор және оның ішіндегі ақпараттар туралы айтылады.
Дүниежүзілік компьютерлік Интернет желісі дербес компьютерлермен бірге, халықаралық «Дүниежүзілік ақпараттық қоғам» концепциясының дамуы үшін, технологиялық негізін құрастырады.
1997 жылға қарсы Интернеттегі компьютерлер саны 10 млн.

маңайына жетіп, 1 млн. артық домендік атаулар тіркелді.


Интернет ақпарат алмасудың ең белгілі құралы болып қалыптасты. Дүниежүзілік желі дамыған және дамушы елдері өмірінің ажыратылмайтын бөлігі болды.
2008 жылдың ортасында, Интернетті үнемі қолданатын пайдаланушылар саны 1,5 млрд. жуық адамды құрады (бұл Жер шары халқының ширегіне жуық).
Интернетті пайдаланушылар саны 50 миллионнан асу үшін, тек бес жыл ғана қажет болды. Басқа бұқаралық ақпарат құралдарына мұндай белгілілікке жету үшін, анағұрлым көбірек уақыт қажет болды:


Ақпараттық орта

Уақыт, жыл







Радио

38







Телевизия

13







Кабельдік телевизия

10







Интернет

5






2010 жылдың 22 қаңтарында Интернетке тура кіру мүмкіндігін Халықаралық ғарыштық стансасының экипажы алды.


Қазіргі кезде Интернетке байланыс спутнигі, радио-арналар, кабельдік телевизия, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықты линиялар немесе электр сымдары арқылы қосылуға болады.
6.3.1. Тілдер
Интернет пайдаланушыларының ақпараттық рессуртарға еркін кіру мүмкінді мемлекеттік шекарамен және/немесе ұлттық домендермен шектелмейді, бірақ та тілдік шекаралар сақталуда.

301



Интернетте басымды болып тұрған тіл, ол ағылшын тілі. Белгілілігі жағынан екінші болып қытай тілі, ал үшіші – испандық тіл.
Интернетті мемлекет, аймақ және бірінші деңгейдегі домендер бойынша бөлумен қатар, оны бөлуде жиі қолданылатын белгінің бірі – ол тіл. Пайдаланыстағы тіл атауын Интернеттің тілдік ортасы алады. Интернеттің орыс тілді ортасы «Орыс Интернет» деген атауға ие болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет