Бит ақпараттеориясында — екі тең ықтималды мәліметтерді айыру үшін қажет ақпарат саны. ("герб"—"сан", "жұп"—"тақ", т.с. сияқты).
Мысалы, жеребеге тиынды лақтырғанда герб түскені туралы хабар 1 бит ақпарат әкеледі. Себебі, оқиғаның мүмкін болу саны 2-ге тең (герб немесе сан) және екеуі де теңықтималды. Демек, нәтиже саны, 2х = 2 теңдеуін шешкенде, х = 1 бит деп шығады.
Бит – екі тең ықтималды тәжрибенің (оқиғаның) белгісіздігін өлшейтін бірлік.
Есептеуіш техникада битдеп деректерді және командаларды ішкі машиналық ұсынуына қолданылатын, "0" немесе "1" екі белгінің біреуін сақтау үшін қажет компьютер жадысының ең аз өлшемін айтады. Бит — тым ұсақ өлшеу бірлігі. Тәжрибеде көбінесе одан ірілеу өлшеу бірлігі — сегіз битке тең, байт қолданылады.
Компьютер пернетақтасындағы алфавиттің 256 символының кез келгенін кодтау үшін дәл сегіз бит керек (256=28).